Революция дәуірі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2168
Махаббатқа мас болған гүл айында,
Жауқазын жас, санаңды сынайын ба?!
Сен қалайсың?
Бүгінде революционер
Көмірің де,
Газың да,
Мұнайың да!
Мәңкүр-мүңкір келгенде жан алымға,
Қалшылдайды капитал қамалында.
Бәрі-бәрі бүгінде революционер
Теңізің де,
Бұғаз да,
Каналың да!
Қалайсыңдар,
Мұрагер түлектерім?!
Есте бар ма кешегі түнек керім?!
Бүгін таңда жалынды революционер
Бүтін елдер,
Аралдар,
Түбектерің!
Дүниенің дүрлігер келді кезі,
Келешекті кемеңгер көрді көзі.
Шпалдарын асынған патронташындай
Революция матросы Жердің өзі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Революция дәуірі өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Революция дәуірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Революция дәуірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Революция дәуірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері