Өлең, жыр, ақындар

Қарайды қара көз ғана...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2882
Қарайды қара көз ғана
Айнасына да наздана.
Әлдене тұсқа, әлдене
Жетпейтін сынды азғана.

Көлбетіп қоңыр бұрымды
Өреді қайта тарқатып,
Айнаға қайта бұрылды:
Көкірек – биік, арқа – тік.

Алдында жатыр шар-айна,
Желкесінде тағы айна.
Үйіріліп шашы самайға
Бұйра боп тұр қалай да.

«Не болды маған соншама»-
Өз ойын өзі құптады...
Айна қанша болса да
Бір қыздың жанын ұқпады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күрең қыз

  • 0
  • 0

Күрең көйлек кигенің үшін сені
Күрең қыз деп соңына түсуші едім.
Құлағыңа шейін бір қызартып ап,
күрең қыз деп күлуші ек біз артынан.

Толық

Апрель таңы (1 басылым)

  • 0
  • 0

...Таң бір ғажап, таң арайлы
Шығыс жақта тұрды күліп.
Біздің қала қарағайлы,
Қарағайлар жүр қыдырып.

Толық

Құм елі

  • 0
  • 0

Адамы ояу,
Құм болатын ұйықтаушы,
Өрістес кеп малын түстеп үйренген
ең бір жақын көрші атанған үйлерден

Толық

Қарап көріңіз