Өлең, жыр, ақындар

Апрель таңы (1 басылым)

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1569
I
...Таң бір ғажап, таң арайлы
Шығыс жақта тұрды күліп.
Біздің қала қарағайлы,
Қарағайлар жүр қыдырып.
Таң жүзінде шық мөлдіреп
Жапыраққа қонады кеп.
Таңды асыға күткен жүрек
Минут сайын соғады үдеп.
Таң арайлы, таң –
ғажайып;
Таң төсіне көңіл құлап,
Бойда шыдам қалды азайып,
Өсе берді сенім бірақ.
«Осындай ма ед жылы, күні,
Осындай ма ед бұл алаптың;
Осындай ма ед ұлылығы,
Сұлулығы мына жақтың?! –
Деді ол, – неғып байқамағам,
Әлде өзге ме бұрынғы күн?..»
Адам, Адам
Айтады адам,
Саған барлық сырын бүгін.

II
Атқан таңмен бағаланды,
Космоста – тұңғыш Адам.
Оның өзі жаңа адам-ды,
Жаңа туған күнге ұсаған.
Берді ол тұңғыш биікте үнін
Туған жерге – қалған жаңа.
Сол бір үннің биіктігін
Өлшей алар арман ғана.
Арман! Арман – ұшты биік,
Арманшыл ең, Жер, не деген!
Білек тұрды күшті жиып,
Жүрек тұрды кернеп өлең.

III
Таң арайлы... тау шыңдары,
Тау бұлттары құбылды, әне,
Таң жырлары таусылмады,
Таң атты бір бүгін-дағы.
Бүгін, бүгін – ең асқан күн,
Туды ой – Күнге ұсады да.
Біздің жеңіс, тек аспанның
Сыя алады құшағына.
Таң бояуы жанға жұғад,
Таң сүйіп тұр бұ маңайды.
Жыр секілді, таң да бірақ
Бір-біріне ұсамайды.
Басы ғой таң арманның да,
Таң мен арман дос болады,
Ендігі әрбір таңдардың да
Болар бір-бір космонавы!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарың, қалқа, жасырды...

  • 0
  • 0

Жанарың, қалқа, жасырды
Оянған ойды тезінен.
Үзіліп түскен жасыңды
Үмітім деп сезінем.

Толық

Ақ саусақ билейді, билейді...

  • 0
  • 0

Ақ саусақ билейді, билейді
кәдімгі ақ мата үстінде.
Көк жіпті сұр ине сүйрейді,
көк ала кестелер түсті де

Толық

Ей, жас өмір

  • 0
  • 0

Сенің үнің, сенің үнің бұл өктем,
Сенің қолың тереземе гүл еккен;
Сенің ойың жарып шыққан жүректен,
Ей, жас өмір.

Толық

Қарап көріңіз