Өлең, жыр, ақындар

Көңіл құстары

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2245
Ұшырып көңіл құстарын,
Отыр ем үнсіз күрсініп.
Толқып бір өтті күшті ағын,
Жүрегім қалды ұмсынып.
Көңілдің қою арманы,
Ән салды нәзік сызылып.
Тыншыған сезім ол-дағы,
Жалғанды бір сәт үзіліп.
Қыр гүлдері албырап,
Билеп тұрды ырғалып.
Жабағы бұлттар жалбырап,
Түсуге шақ тұрды анық.
Менің мынау от кеудем,
Жыртық бұлттан аумайтын,
Найзағай жарқ-жұрқ еткенмен,
Нөсерлете жаумайтын.
Кейде бұлтқа тығылып,
Ай толықса аунайтын.
Қайта тұрып, жығылып,
Сәбиден көңіл аумайтын.
Арайлы ғажап қыр таңы,
Қараймын көз талдырып.
Жиырма тоғыз қырқаны,
Өтіппін артқа қалдырып.
Ұшырған көңіл құстарым,
Зымырай ұзап өтіпті.
Тепкілеген күшті ағын,
Мені шыңдап кетіпті...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ой-хой, дала

  • 0
  • 0

Ой-хой, дала, кетіпсің ғой
күлтеленіп, құлпырып,
Жаутаңдаған, жаудыраған
мөлдір көздей кіл тұнық.

Толық

Ақ түн

  • 0
  • 0

Алақанға қондырдым ақ түніңді,
Сен де менен тіледің шат күлуді.
Қалай ғана сөзбенен жеткізермін,
Көрдім ғой, ақ түніңмен пәктігіңді.

Толық

Алақандар

  • 0
  • 0

Айырмассың алысты да, жуықты,
Алақандар қандай ыстық уытты.
Көтеріп тұр көңілімен қарттарын,
Шаңырақ пен уықты.

Толық

Қарап көріңіз