Өлеңдер жинағы - 544 бет

Қане кеттік ауылға

Bolatzhan

Міне бүгін атты жаңа таңым да,
Ей достарым, қане кеттік ауылға.
Шаршасаңдар тіршіліктен күйбелең,
Демаласын ауыл дейтін қауымда.

Толық оқу

Бұл өмірде адам бол!

gulnursapidollaeva

Бұл өмір - ғажап өмір, сүре білсең,
Өзіңді өзің жан-жақты тани білсең.
Халқыңа, қоғамыңа, ата-анаңа
Алғыс айт, бұл - парызың, біле білсең.

Толық оқу

«Мәңгілік ел»

Kamila0704

Сөзімнің басы бұл елім,
Елім деп соққан жүрегім.
«Мәңгілік елміз » деп жүрем,
Елімде өсіп түледім.

Толық оқу

Қазағым

samal_eskende

Қазағым қамыңды жеп қарайлаған,
Өтті ғой бұл өмірден талай данаң.
Ержүрек ерлерің аз, ездерің көп
Айтарын ашып айтпай абайлаған.

Толық оқу

Ана

Аманғос Гүлмаржан

Айымсың сен,жұлдызым сен жан ана,
Жарық түн ең,жарқыраған аспанда.
Күнімсің сен,періштем сен жан ана,
...

Толық оқу

Білім ошағы

Киматаева Дильназ

Алтын ұя мектепке бірге кірген,
Дәріс алып жақсыны бізге терген.
Күндер көп қой қызықты мектептегі,
Естелік боп, ойнап күліп жүрген.

Толық оқу

ТУҒАН ЖЕР

Мұхтарова Елдана

Туған жерге жер жетпейді ғаламда,
Ыстық оның әрбір тасы маған да
Суы балдай ішкің келе береді,
Ту...

Толық оқу

Көңілдің күйі

Sydakh

Жалығып жалған өмірден,
Жабығып жаным күрсінді.
Көзімнен жас боп төгілген,
Жанымды кімдер түсінді.

Толық оқу

Алаңдама әкешім

Sydakh

Әке, маған алаңдайсың білемін,
Ауырмасын мені ойлап жүрегің.
Қызың тапты өз орнын өмірден,
Қабыл болып, ақ батаң мен тілегің.

Толық оқу

Бауырларым

Sydakh

Бауыр етім, бауырым, бауырларым,
Сездіртпейтін жанымның ауырғанын.
Жанашырым, жақұтым сендерсіңдер,
Қайысқанын білдірмес қабырғамның.

Толық оқу

Ел үшін туған Елбасы!

Sydakh

Гүлденіп елім, көркейді қала жаңарып,
Түрленіп жерім, жаңаша бағыт жол алып.
Ел үшін талай істелді игі жақсы іс,
Ел үшін талай ашылды жақсы жаңалық.

Толық оқу

Ақылға дана кен еді

samal_eskende

Қаржастың қара қазы қалам алып,
Қара өлеңге өз ізін салары анық.
Бабамның батыл ісін жырлар болсам
Қол емес,жүрек жырды жазар жанып.

Толық оқу

Рухты жастар

Жансулу Смагулова

Алты алашым, Отаным, елім дейтін,
Қазақстаным, кең байтақ жерім дейтін,
Алаулаған қазақтың жастары бар
Тайынбайтын жолынан, берілмейтін.

Толық оқу

Тас көшеде

samal_eskende

Қоқысты көше үй болып,
Қаңғыған итпен тілдесу.
Сусынды ащы сый көріп
Маскүнем болып күн кешу...

Толық оқу

Тәуелсізбін

Madiar192

Тәуелсізбін,
Тәуелсізбін мен бүгін,
Азат болдым, еркін болдым мен бүгін.
Кең далам да, ағып жатқан өзен де,

Толық оқу

Тәуелсіздік тұғырым

juzi

Мен сүйемін жерім менен елімді,
Жүрегімнен жыр арнасы төгілді.
Жылдар бойы азаттыққа шөлдеген,
Халқым менің не қасірет көрмеген.

Толық оқу

Құтты мекен Қарабалық!

azagul

Көп қой сенің тарихың Қарабалық,
Тарихсыз шыр шертпеген дана халық.
Орта жүз, Қыпшақ тайпасы мекен еткен,
Ұлылардың Отанысың Қарабалық!.

Толық оқу

Мұқағалиға арнау

Alunaaa

Жүрек жырын ақ параққа түсірген,
Жырларынан сезім сырын түсінгем.
Ақиықсың,дара туған ақынсың,
Қалған ақын сірә,сенің көшірмең.

Толық оқу

Қазақстан елім менің!

Kamila0704

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Толық оқу

Отаным!

Kamila0704

Отаным деп жерім деп,
Жас ақындар жырлайды.
Өзен, көл, асқар таулардың,
Сұлулығын сомдайды.

Толық оқу

Досыма

oryngaliev

Досым,
Сен мұңайма!
Тәңір хақы осы ма?
(Сезім сыны қатты болған, шошыма.)

Толық оқу

Алғыс айтам

uldanai2702

Алғыс айтам аялаған анама,
Бар өмірін берген мынау балаңа.
Алғыс айтам әкеме де ардақты,
Әрбір сөзі сары алтындай салмақты.

Толық оқу

Қан майдан

Sanzhar11

Қаруланған жауыздар қырып-жойып,
Саналарға өшірілмес белгі қойып.
Мақсаты жаулап алу сол жерлерді,
Өздері алатындай жерді ойып.

Толық оқу

Өмір мәні

Sanzhar11

«Өмір деген не?»- деп бір ғалымнан сұрадым,
«Өмір деген- еңбек»,- деп берді маған жауабын.
«Еңбек – өмір, рас па?»- деп, сауал қойдым тағы да,
Жымиып бір күлді де, жақындады жаныма.

Толық оқу

Досым менің

Nurbek9523

Үмітімді жалғадың!
Бөлісейік ауыр мұңнан қалғанын.
Арманыңа жетер жолда тежелме,
Сендегі арман олда менің арманым.

Толық оқу

Қайрау

Nurbek9523

Үп еткен желге дірілдей берме,
Дірілдей берсең нең қалар?
Көрінге жанға күлімдей берме,
Жүректен өшпес жерді алар.

Толық оқу

Анашым

AselAlikhanova

Жылы жүзбен жадырап, күлімдейсің,
Еркелетіп "жүрегім, күнім"- дейсің.
Ақ перзентің жаныңа жақын жүрсе,
Бұл жалғаннан опық жеп, түңілмейсің!

Толық оқу

Уақытша

AselAlikhanova

Осынау мына бес күн жалғандағы,
Көп нəрселер уақытша,жалған бəрі.
Аман болса жаныма жақын жандар,
Мен үшін маңызды емес қалғандары!

Толық оқу