Әкеме – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әкеме» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2768
Айналайын жан әке,
Арайлап атқан таң әке.
Асқар таудай панамыз,
Ақылшымыз – данамыз.
Сен болсаң, әке, біз бармыз –
Ұлдармыз, ерке қыздармыз.
Жасай бер, әке, мәңгілік,
Жырлаймыз әсем ән қылып.
* * *
Әке – менің жалынды жүрегімсің,
Әке – менің Тәңәрім, тірегімсің.
Әке, менің асқарлы тауым болып,
Жүзге дейін жайраңдап жүре білші!
* * *
Сенен асыл жан бар ма, қайран әке,
Құлыным деп, құшағын жайған әке.
Өзіңменен өмірім өнегелі,
Өзіңменен өмірім сайран, әке.
Жүзге дейін бізбенен жүре берші,
Жүре берші жадырап жайраң, әке!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері