Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Ілмектер: қонақ, қой

Қонағын сыйламаған баласын ұрады, не үйін сыпырады.

Ілмектер: қонақ, бала, сыйламаған

Жақсы болса алғаның,
Үйіңнен кісі кетпейді.
Жаман болса алғаның,
Шын досың да шеттейді.

Ілмектер: дос, жаман

Құтты қонаққа — тәтті тамақ.

Ілмектер: құтты қонақ, тамақ

Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.

Ілмектер: ит, сыйлау

Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.

Ілмектер: ас, ниет

Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.

Ілмектер: қонақ

Қонағым, жүре тоярсың.

Ілмектер: қонақ

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Ілмектер: қонақ, сынау

Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді.

Ілмектер: қонақ, қой, жуас

Қонақ келсе құт келер.

Ілмектер: қонақ, құт

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Ілмектер: адам, айна, жүзі

Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.

Ілмектер: ақылды, ақымақ

Айғайлы жерде ақыл аз.

Ілмектер: айғай, ақыл, аз

Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.

Ілмектер: екі, кісі, орын, ығысса

Адамға адам жат емес.

Ілмектер: адам, жат

Адамның сырты алдамшы.

Ілмектер: адам, сырты

Жақсының жүрген жері - абат.

Ілмектер: жақсы, абат

Жаным десе, жан семірер.

Ілмектер: жаным, жан

Жұпарды жасыра алмайсың.

Ілмектер: жұпар, жасыру