Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Сыншылар да басқалар секілді, көз алдындағыны емес, іздегенін көреді.

Ілмектер: сыншы, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көз, көру, іздеу Бернард Шоу

Денсаулық деген — күнде бір жеріңіздің сырқырауы.

Ілмектер: денсаулық, күн, сырқау, ауру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.

Ілмектер: бала, адалдық, тәрбие, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Тасаттық қаны арқылы өздерін күнәдан тазатқысы келу бейне лас жерде тұрып ластықпен жуынғанымен бірдей. Егер әлдекім солай істесе, олардың өзі оны жынды дер еді.

Ілмектер: қан, күнә, лас, жер, жынды, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Егер бірнеше жүз жыл артқа шегінсек, бүгінде біз қарапайым нәрселер деп санайтынның бәрі — сиқырлы болып көрінер еді. Мысалы, қашықтықтан сөйлесу, ұшу, үлкен көлемді ақпаратты өңдеу, бүкіл әлемді алақандай телефоннан тамашалау, т,б. Шынында да, бұрын бұл сиқырға ұқсайтын еді. Енді, бүгінгі күні сиқыр боп көрінетін болашақтағы қарапайым «ғажайыпты» сізде ойлап таба аласыз ғой.

Ілмектер: сиқыр, қарапайым, жыл, ұшу, ақпарат, телефон, болашақ, ғажайып, ойлап табу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Төменге кететін жолда аялдама аз болады.

Ілмектер: төмен, жол, аялдама, аз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Әйел еркектен кейін өледі, өйткені үнемі кешігіп жүреді.

Ілмектер: әйел, еркек, кешігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Ең қиын шаруаны таңғы асқа дейін тындырамын. Төсектен тұрамын.

Ілмектер: қиын, шаруа, таң, ас, төсек, тұру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Қысқасы, өмірдегі басты нәрсе — сол өмірдің өзі.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Адамның деңгейі өскен сайын бейәдеп сөздерді айту ақылға сыймайтын нәрсеге айналады.

Ілмектер: адам, деңгей, әдеп, сөз, ақыл, нақыл, тәрбие, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Мен 20 жыл ішінде көптеген жаңа көліктер толықтай электр қуатына ие болады деп сенімді түрде болжаймын. Тіпті, 20-да емес, 10 жылдан кейін де орын алуы мүмкін.

Ілмектер: жыл, көлік, электр қуаты, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Үндемеу — ең үлкен құрмет.

Ілмектер: Үндемеу, құрмет нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Тіпті жалт-жұлт еткен тауыстың құйрығынан да кәдімгі тауықтың көтенін көруге болады.

Ілмектер: жалт-жұлт, тауыс, тауық, бірдей, кәдімгі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Үлкен ақыл иелерінің өмірін де сұрқай бояулар бүркейтін сәттер болады.

Ілмектер: сәт, ақыл, үлкен, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Бірлік бар жерде тірлік бар,
Ру бар жерде бұру бар.

Ілмектер: бірлік, тірлік, ру, жер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Балпық би Балпық би

Арыстан боп тусаң да,бауырсыз ешкім емессің..
Бауырың болса жанашар,
Өзіңді жалғыз демессің.
Арыстан болып тусаң да,
Бауырсыз ешкім емессің.
Арыстан болып тусаңда
Бәрінің жолын қусаңда.
Күміспен шайып қолыңды
Алтынмен бет жусаңда,
Қазаның қайнап тоқ болып,
Күініге бір қой сойсаңда,
Дәулетің тасып бай болып,
Айға ұшып барсаңда,
Комарттықтың жолында..

Ілмектер: Арыстан болып тусаң да

«Арыстанның апанына түнеп шыққан ешкіден қорық» дейді қазақ тағы. Бұдан шығар тәлім — үлкен үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жігіттерден сескен деп мегзеу ғой, тегі?

Ілмектер: арыстан, ешкі, жігіт, қазақ, тәлім, үй, күл, сескену, мегзеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлібек Асқаров

Бай адам қоңыраулы мысық секілді: тышқандар оның қайда, не істеп жүргенін біліп отырады.

Ілмектер: бай, байлық, мысық, қоңырау, тышқан, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Әлемдегі ең пайдасыз нәрселер — ең әдемі жаратылыстар. Мәселен, тауысты не лалагүлді айталық.

Ілмектер: пайдасыз, жаратылыс, тауыс, лалагүл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Менің ойымша, саясаткерлердің көбісі электромобильдерге қарсы емес. Әрине, қарсы шығатындары бар. Бірақ, олар өмірдегі орын алуы мүмкін кейбір жағдайларға сенбейді. Олар ешқашан мұнай бітпейді деп ойлайды.

Ілмектер: ой, саясаткер, мұнай, электромобиль, жағдай, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск