Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, тәрбие Аристотель

Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, бала Антон Макаренко

Даналық - ғылымның бастауы.

Ілмектер: даналық, ғылым, нақыл, афоризм Цицерон

Шын білім – ақиқат, анық білім.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Құдай берейін десе - ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қалау, ақылды, ақымақ, тілек Құтып

Балалық шақтағы, есею және ерте жастық кездердегі еңбекпен шұғылданған өмір адамның дене бітімінің дұрыс қалыптасуының маңызды бір шарты.

Ілмектер: бала, өмір, балалық шақ, еңбек, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.

Ілмектер: тағдыр, адам, тәрбие, нақыл, афоризм Виссарион Белинский

Өлімді білмей тұрып, одан қорқу қисынсыз сияқты.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм Сократ

...баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.

Ілмектер: өмір, бала, үйрету, тәрбие, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады.

Ілмектер: ойын, бала, қайраткер, нақыл, афоризм Антон Макаренко

Ақылдылар - табады, ақылсыздар жоғалтады.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм Платон

Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.

Ілмектер: әйел, бақыт, отбасы, нақыл, афоризм, үйлену, ойшыл Сократ

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Кезде дағы әзәзілдер азғырған.

Ілмектер: тағдыр, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Жақсы отбасыда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы.

Ілмектер: отбасы, жазалау, тәрбие, нақыл, афоризм Антон Макаренко

Жасында торай болғаннан үлкейгенде шошқа шығады.

Ілмектер: торай, шошқа, тәрбие, нақыл, афоризм Владимир Маяковский

Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей.

Ілмектер: раушан, гүл, бала, тәрбие, рақат, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, нақыл, афоризм Дени Дидро

Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.

Ілмектер: Шәкірт, ұстаз, нақыл, афоризм Бойешес

Тәрбиелі — тәртіптің құлы.

Ілмектер: тәрбие, тәртіп, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

Ілмектер: тәрбие, білім, қуат, құндылық, нақыл, афоризм Әл – Фараби