Өлең, жыр, ақындар

Виссарион Белинский

Виссарион Григорьевич Белинский (11.6.1811, қазіргі Финляндия, Свеаборг қаласы — 7.6.1848, Санкт-Петербург) — орыс әдебиетшісі.
Мәскеу университетінде оқыған (1829 — 32).
“Телескоп” (1833), оның қосымшасы "Молва” (1836), “Московский наблюдатель” (1838), “Отечественные записки” (1839) журналдарында қызмет істеген. Студент кезінде “Дмитрий Калинин” драмасын жазған (1830).


Нақыл сөздері

Өз Отанының азаматы бола алмаған, адамзат санатында бола алмайды.

Ілмектер: отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамзат, санат Виссарион Белинский

Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi.

Ілмектер: ғылым, өнер, ғасыр, өмір, тәжiрибе, күш, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виссарион Белинский

Ең күйiнiштi ақиқат, ең ұнамды адасудан әлдеқайда артық.

Ілмектер: ақиқат, адасу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виссарион Белинский

Кітаптар — тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде тәрбие жоспарына енуге тиіс.

Ілмектер: кітап, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жоспар Виссарион Белинский

Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.

Ілмектер: тағдыр, адам, тәрбие, нақыл, афоризм Виссарион Белинский

Махаббат — өмірдің өлең-жыры, жарық күні.

Ілмектер: махаббат, өмір Виссарион Белинский

Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.

Ілмектер: жастық шақ, мұрат, әдемілік Виссарион Белинский

...маскүнемдікке, мешкейлікке салыну — тағылардың қылығы.

Ілмектер: маскүнемдік, мешкейлік Виссарион Белинский

...үрей атаулының бәрін білім жеңеді.

Ілмектер: білім Виссарион Белинский

Мөлдір кіршіксіз алғашқы махаббаттың алғашқы сәті ынтызарлықтың жоқтығы емес, өзін-өзі көрсетуден сескеніп жатқан ынтызарлық. Алғашқы махаббат осыдан басталады.

Ілмектер: алғашқы махаббат, махаббат Виссарион Белинский

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.

Ілмектер: жалған, өтірік, талант, ақыл, ой Виссарион Белинский

Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.

Ілмектер: батыр, шындық, ерлік, адамгершілік Виссарион Белинский

Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.

Ілмектер: отан, сүю, адамшылық Виссарион Белинский

Әйелің — көңілдесің емес, бүкіл ғұмырлық досың, әрі серігің, демек, оны біз егде тартқан әйел болған шағында да, кемпір болған кезінде де сүюге ерте бастан ойланып, дағдылана білуіміз ләзім.

Ілмектер: әйел, дос, кемпір, сүю Виссарион Белинский

Қарап көріңіз