Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы. Ілмектер: жастық шақ, мұрат, әдемілік Виссарион Белинский Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.
Жиырма деген жасыңыз Ағып жатқан бұлақтай, Отыз деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай. Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы - мұңлы күн екен, Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, Тоқсан деген жасында Ажалдан басқа жоқ екен. — Бұқар жырау өмір, ажал
Ақиық қыран қартайса, Жас жағалтайдан тепкі жейді. — Майқы би қарттық, қартаю
Жастық шақ — ерлік жасар кезең. — Мари-Анри Бейль Стендаль жастық шақ, ерлік
Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме. — Бауыржан Момышұлы Мұрат, дос
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы. — Назым Хикмет Ран жастық шақ, арман
Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас.Осыған әрқашанда әзір болу керек. — Бауыржан Момышұлы жастық шақ, жиырма жас
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер, Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер. Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә, Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер... — Омар Хайям өмір, кәрілік
Жастық шағың — жарқын жаздың бейнесі, Құтты жаздың ала алсаң жоқ, бермесі. — Сәбит Мұқанов жастық шақ
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі