Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (11)

"мұрат" туралы Ұлағатты сөздер

"мұрат" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "мұрат" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Авторитарлық тəрбиелеудің ең зор қаупі — ол баланың бойына билік мұратын сіңіріп тастайды.

Ілмектер: тәрбие, бала, билік, мұрат Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Сенiм — танымның бастауы емес, мұраты.

Ілмектер: Сенiм, таным, мұрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
WhatsApp Telegram

Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік.

Ілмектер: мұрат, байлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.

Ілмектер: заман, мұрат, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп-өніп шыққан ғой.

Ілмектер: жастық шақ, арман, қиял, мұрат Константин Ушинский
WhatsApp Telegram

Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.

Ілмектер: жастық шақ, мұрат, әдемілік Виссарион Белинский
WhatsApp Telegram

Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.

Ілмектер: еңбек, адам, өмір, мақсат, бақыт, мұрат Антон Чехов
WhatsApp Telegram

Ең қиыны - күн сайынғы, көп жылдық еңбек ерлігі. Өзіңе ерлік мұратын тауып, содан көз жазбай ілесіп отыр.

Ілмектер: еңбек, ерлік, мұрат Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Ілмектер: байлық, мұрат, кедейлік, ұят Қазыбек Келдібекұлы
WhatsApp Telegram

Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ.

Ілмектер: кітап, мұрат Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.

Ілмектер: Мұрат, дос, дұшпан Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram