Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"мұрат" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "мұрат" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Би асылдан асыл болмас,
Ілмектер: асыл, би, жолдас, мұрат
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
Берер Тәңір талап қылсаң,
Ілмектер: талап, мұрат, сабақ, оқу, тамақ
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
Ақырын-ақырын мінсе болар тор атқа,
Ілмектер: ат, ақырын, мұрат
Ақырындап барып жетсе болар мұратқа.
Асыққан қалар ұятқа,
Ілмектер: асығыстық, мұрат, қырғыз мақалы
Асықпаған жетер мұратқа.
Мұратқа жетер қорқақ жоқ.
Ілмектер: мұрат, қорқақ, парсы мақалы
Сабыр еткен, мұратқа жеткен.
Ілмектер: сабыр, мұрат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Тай атқа жеткізер,
Ілмектер: мұрат, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал, ат, тай
Ат мұратқа жеткізер.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Ілмектер: жан, мал, еңбек, мұрат, талап, байлық
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Іздеген мұратына жетеді.
Ілмектер: мұрат
Алысқа сілтейтін —
Ілмектер: мұрат
Асыл — мұрат.
Жаңа туған айды көрген
Ілмектер: мұрат, гүл
Бір мұрат,
Жаңа шыққан күнді көрген
Бір мұрат.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір мұрат.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі