Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай мұратқа жетпес. Ілмектер: жан, мал, еңбек, мұрат, талап, байлық Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жан қиналмай жұмыс бітпес, Талап қылмай мұратқа жетпес.
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас. жан-жануар, төрт түлік мал
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады. жан-жануар, төрт түлік мал
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан — Түйе деген жануар. жан-жануар, төрт түлік мал
Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. іні, аға
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой. жүз, орта жүз
Атың барда – жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел таны беріп жүріп. ас, төрт түлік мал
Жалғыз баласы бардың Шығар-шықпас жаны бар. Екі баласы бардың, Өкпе, бауыр, жалы бар. Үш баласы бардың Бұқарада пұлы бар. бала, жалғыз
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі