Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (32) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (8)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"іні" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"іні" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "іні" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Би болмақ ініден,
Билікке шықпақ баладан.

Ілмектер: іні, билік, бала
WhatsApp Telegram

Ардагер аға алдында тұрсың,
Әдепті іні артында тұрсын.

Ілмектер: әдеп, іні, аға, ардагер
WhatsApp Telegram

Ағасын көріп, іні өседі,
Апасын көріп, қыз өседі.

Ілмектер: аға, іні, қыз, тәрбие, Туыстық қатынастар
WhatsApp Telegram

Ағаның өткені –
Інінің өткелі.

Ілмектер: аға, іні, өткел, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Бай болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.

Ілмектер: бай, байлық, іні, бала
WhatsApp Telegram

Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

Ілмектер: іні, аға, отбасы, туыс, жанұя
WhatsApp Telegram

Көп ақымақтың ағасы болғанша, аз ақылдының інісі бол.

Ілмектер: аға, іні, ақыл
WhatsApp Telegram

Жақсы аға — орман,
Жақсы іні — қорған.

Ілмектер: аға, іні, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Аға адасса, іні із кеседі.

Ілмектер: аға, іні, өнеге
WhatsApp Telegram

Ағадан — ақыл,
Ініден— ізет.

Ілмектер: аға, іні
WhatsApp Telegram

Әуелгі сөз — ағадан,
Әдепті сөз — ініден.

Ілмектер: сөз, аға, іні
WhatsApp Telegram

Ініден ізет.

Ілмектер: іні, ізет
WhatsApp Telegram

Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.

Ілмектер: аға, іні, бала, дала, мал
WhatsApp Telegram

Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.

Ілмектер: аға, іні, бұлақ, су
WhatsApp Telegram

Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Ілмектер: әке, іні, ырыс, тыныс
WhatsApp Telegram

Асыл аға, алғыр іні.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын
WhatsApp Telegram

Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.

Ілмектер: аға, іні, кәрілік, қарттық
WhatsApp Telegram

Аға – бор,
Іні – тас.

Ілмектер: аға, іні
WhatsApp Telegram

Жақсы аға - орман, жақсы іні - қорған.

Ілмектер: аға, іні
WhatsApp Telegram