Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді; Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді. Ілмектер: ата, ұл, жақсы, жаман, ел, мал Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді; Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.
Өте өте керемет мақал мәтелдер маған ұрады
Өнерлінің қолы алтын, Өленшінің сөзі алтын.
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Ата - асқар тау, Ана - бауырыдағы бұлақ, Бала - жағасындағы құрақ. ата, ана
Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. әдеп, ата-ана
Ата — бәйтерек, Бала – жапырақ. ата, бала
Ата балаға сыншы. ата, бала
Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің; Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. ата-ана, бала
Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер. жаңбыр, бата
Гүлім
Өте өте керемет мақал мәтелдер маған ұрады
Гүлім
Өнерлінің қолы алтын,
Өленшінің сөзі алтын.