Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (65) Өлеңдер (18) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (62) Әзіл, анекдоттар (3)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"оқу" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"оқу" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "оқу" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.

Ілмектер: талап, мұрат, сабақ, оқу, тамақ
WhatsApp Telegram

Ақыл — мың оқудың басы.

Ілмектер: ақыл, мың, оқу
WhatsApp Telegram

Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең жалқаулық басынады.

Ілмектер: оқу, білім, жалқаулық
WhatsApp Telegram

Оқысаң озарсың,
Оқымасаң тозарсың.

Ілмектер: оқу, білім
WhatsApp Telegram

Оқу ойдан ұзақ емес.

Ілмектер: оқу, ой
WhatsApp Telegram

Оқымаған бiр бала,
Оқыса екi бала.

Ілмектер: оқу, білім, бала
WhatsApp Telegram

Оқу түбi - тоқу.

Ілмектер: оқу, білім
WhatsApp Telegram

Оқу – бiлiм азығы,
Бiлiм – ырыс қазығы.

Ілмектер: оқу, білім, ырыс
WhatsApp Telegram

Әскерлік оқудан бейнет көрсең,
Ұрыста қиналмайсың.

Ілмектер: әскер, оқу, бейнет, ұрыс
WhatsApp Telegram

Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.

Ілмектер: тәрбие, оқу, білім
WhatsApp Telegram

Сен оқысаң, мен тоқығам.

Ілмектер: оқу, еңбек
WhatsApp Telegram

Азынаған аязда,
Шапаныңнан тон артық.
Шала оқыған сабаздан
Көпті түйген көне артық.

Ілмектер: оқу, білім
WhatsApp Telegram

Жалғыз шала жанбайды,
Шала оқыған оңбайды.

Ілмектер: оқу, білім
WhatsApp Telegram

Көп оқыған білмейді,
Көп тоқыған біледі.

Ілмектер: оқу, білім
WhatsApp Telegram

Оқыған қара суды теріс ағызар,
Ошаққа қара тастан май тамызар.

Ілмектер: оқу, білім
WhatsApp Telegram

Оқығанның көзі төртеу.

Ілмектер: оқу
WhatsApp Telegram

Оқығанның бәрі жарық,
Оқымағанның беті шарық.

Ілмектер: оқу, жарық, шарық
WhatsApp Telegram

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Ілмектер: оқу
WhatsApp Telegram

Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.

Ілмектер: оқу, хат
WhatsApp Telegram

Білім көп орын алмайды.

Ілмектер: білім, оқу, Еврей мақалы
WhatsApp Telegram