Жеңіс
Жеңіс дейміз жалауымыз желбіреп,
Көктем күні нұрын төксе елжіреп,
Тап осындай бейбіт күнге жеткізген
Әкелер мен ағалар ғой ержүрек.
О балалар, балалар,
Қарашығы көзімнің,
Қуанышы сөзімнің;
Кеудемдегі жүрегім,
Әлсізді жеңу, жеңіліспен бірдей!
Мықтыны жеңу, жеңістің төресіндей!
Мықты болсаң, мықтыны жең,
Құр босқа әлсіздерге шаба бермей!
Әлсіздермен пайда үшін күрестің,
Мықтылармен айла үшін сөйлестің,
Сенемін сенің білегің емес, білімің мықты,
Алайда сен ар-ұятты ойлаппең?!
Мықты болсаң, әдептіктен сен аспа!
Мықты болсаң, әлсіздермен жағаласпа!
Әрдайым адамдықты сен ұғып,
Күнәлі іс үшін, ешқанда ат салыспа!
Мықты болсаң қарағым өзіңді жең!
Мықты болсаң ғайбатты тіліңді тый!
Мықты болсаң шешеңнің сөзінен аспа!
Мықты болсаң, Құрандағы істі сен, мен, ол жаса!
Маңғыстау да көз аштырмас шаңлы боран соғады,
Бүгінгі іс, ертеңге қалып, жұрт үйінде тығылып жатады,
Көз тастасаң далаға ештеңе де көрінбей,
Сұқ-сұқ етіп терезені ойып барады!
Ашулы боран гу-гу етіп соғады,
Жаңбыр жауып үстінен, жағаласып қояды,
Шаң мен жаңбырдың арасындағы бұл күрес,
Түбінде бәрі-бір жаңбыр жеңіп шығады!
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі