Жеңіс күн – Ақанжан Келімбетов

Бұл бетте «Жеңіс күн» атты Ақанжан Келімбетов жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.10.2019
  • 0
  • 2
  • 14204
Ащы дәмін татқан білер Жеңістің,
Бәрі болды қиындық пен кемістің.
Өмір-өлім сыналғанда майданда,
Тірі жүрген деп айтпады кеміспін.

Күндіз-түні уақытпен кім санасты,
Ерте тұрып, жұмысына тарасты.
Жарты құрсақ, жыртық киім, күлкісіз,
Бірақ намыс кекпен қайнап таласты.

Көп нәрселер тұрушы еді жараспай,
Ақ жаулықты жеңгейлер жүр адаспай.
Есіл-дерті майдандағы жарында,
Хат келсе егер жиналады толаста.

Найза кірпік, жәудіреген көздері,
Көңілі пәс, жұп-жұмсақ боп сөздері.
Ағайыңнан хабар болмай тұр ғой, – деп,
Күрсінетін аянышты жүздері.

Сол сұрапыл кездерде әдеп сақтаған,
Жеңешемді көрген сайын мақтанам.
Адал үміт аман қосты ағайды,
Екеуіне сүйсініп сыр ақтарам.


Пікірлер (2)

Айдана

Рахмеет

Аяна

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңіс күн өлеңінің авторы кім?

Ақанжан Келімбетов — осы өлеңнің авторы.

Жеңіс күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңіс күн өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жеңіс күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері