Қызығын бұл жалғанның...
«Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да малға кедей, тілге баймын.
Күніне мыңды алып, жүз берсем де,
Қалтамның түбі тесік байымаймын».
«Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да малға кедей, тілге баймын.
Күніне мыңды алып, жүз берсем де,
Қалтамның түбі тесік байымаймын».
Бар қазақтың Бауыржан – намыс, ары,
«Жоқ» дегеннің жақтары қарысады.
Баукең рухы мәңгілік шындық үшін,
Зұлымдықпен, зұлматпен алысады.
«Қара арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар»,
Кәріп етсе кәрілік кәдірлі басың сұм болар.
Арылдаған арыстан айға шауып мертіксе,
Аңдығаны тышқан мен ін маңында жым болар.
Хан басымды, қадірімді өзім кейде қорлаймын,
Бармас жерге бару үшін өзімді-өзім зорлаймын.
Қорсылдасып шошқалармен, ырылдастым иттермен,
Өзіме де обал жоқ-ау, обал жоқ-ау, оңбаймын.
Жалпақ әлем жартысын тізесімен илеген,
Жалаң қылыш жүзімен жарты әлемді билеген.
Ұлы қаған Шыңғыс хан соңғы демі бітерде,
Өтті екен өмірден қандай көңіл күйменен.
Ер бар ма қабырғасы сөгілмеген,
Халық жоқ «елім-ай» деп егілмеген.
Құдайдың қаһарына ұшыраса,
Қабысар қас қағымда көгің жермен.
Адалдыққа сүйіндім,
Арамдыққа күйіндім.
Жақсылыққа иілдім,
Жамандыққа шүйілдім.
Алланың шексіз мейірім шапағаты,
Алланың жан адамға аманаты,
Ақыл-ой аң-құстардан артық берген,
Тірлікте шықпасын деп жаман аты.
Бірте-бірте ғайып болып бәріміз,
Ұмыт болар шалқып салған әніміз.
Көшер, кетер, өшер жердің бетінен,
Біздер салған сәулет сарай сәніміз.
Болмысы жаман адамның,
Жақсылығы жоқ, жалынба.
Маңсаптың құлы наданның,
Маңына бар ма, табынба.
Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды,
Ұқпай өтті-ау, не бір дана бұрынғы.
Раббым-ау, шексіз тылсым сырына,
Сонша неге құштар еттің құлыңды?
Айтар сөзді ұғуға сана керек,
Айтпасаң да сезеді дана зерек.
Ақыл айтып арыма ақымаққа,
Ақымақ боп өлгенше қала бермек.
Ей, адамдар, зәбір берме жандыға,
Ая, ая, аңыратпа аңды да.
Бір Алладан мейірім, тоқтам сұрайық,
Жүрген жері, екі қолы қандыға.
Бар арманы, аңсары ауғандардың ақшаға,
Жақсылығы болар деп ойламағын басқаға.
Алла берген мейірімнен ада болған жандардың,
Жүрегі де, жаны да айналады тасқа да.
Дос жылатып айтады жаны ашып,
«Жүрмесін» деп орынсыз асып-тасып.
Дұшпан мақтап күлдіріп, бүлдіреді,
«Жер қапсын» деп, жер болып бетін басып.
Алла, Аруақ жебеді,
Қатарға қосты, теңеді.
Ата-анадан бір жалғыз,
Жарым көңіл мен еді.
Ақындай мейірімді,
Әлемде жан бар ма?
Анадай тербетіп,
Таңдардан таңдарға,
«Ақынмын» деп болады айтуыңа,
Ел аралап, жер көріп қайтуыңа.
Ақын деген табиғат перзенті,
Ол өмірге келмейді жай туыла.
Ұлы далам – Ұлы Анам!
Еділ Баба, Тұмар Ана –
Ата-баба мекені,
Бақидамын, пәни депті тіршілікті,
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі