Өнерлі балалар
Қанат, Марат екеуі
Қамшы өре алады.
Таңат, Талап екеуі
Тамаша ән салады.
Таңертең күн ашық,
Тұр еді нұр шашып.
Аспанда бұлт жоқ:
Ендеше күдік жоқ.
Құрық алып қолыма,
қамшы салып торыға,
жылқы айдаймын жайлауда,
шаң ілеспей соңыма.
Батыр қызы халқымның
Кәмшат апай — мақтаным.
Мен де соған талпындым,
атын есте сақтадым.
Аппақ айдын, ақ айдын,
ақ айдынға қараймын.
Балықшы ағаларымды
батырларға балаймын.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі