Тағы сорлы қазақ
Салынған қала жоқ,
Оқытқан бала жоқ,
Қолында өнер жоқ,
Ғылымда дана жоқ.
Жүректегі жеткізетін жырымды,
Тілім - қазақ, ұшқын атқан жалыны.
Ақтаратын өлеңім мен сырымды,
Тілім - қазақ, түркілердің сарыны.
Қазақ деген қалың жұртым тасыған,
Қилы кезең бәрін кештің басыңнан
Еркіндікті қалап едің, қыран құстай самғадың,
Ұлағатты бастау алып асыл сөзден,нақылдан.
Кім бізде кәміл мұсылман?
Абайша «кәміл мұсылман» –
Қатарда еңбек адамы.
Кәкімбек Салықов
Шежірені шиырлап тарата алам,
Тусақ, туған шығармыз әр атадан.
Өзіңді өзің сүйрелеп, қатарға қос,
Ей, қазақтың баласы қара табан!
Уа, менің Ұлан Ғайыр Ұлы Далам,
Өзіңсіз қазағымның күні қараң.
Сенен де мен алыстап кетсем-дағы
Болса екен, елім аман, туым аман.
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!
Қазақ тілі – ана тілім,
Көне тілім, жаңа тілім.
Ұрпақтардан ұрпақтарға
Мұра болып қалатұғын.
Ойлауға әркім ерікті.
Берілген бабам ойға мың.
Құдайдан сосын көріпті
Баласы тұрмай қойғанын.
Қайрал, Қазақ
Тебірентіп салғанда қайранға азап,
Тіліңді де, ұлтыңды таптап жатыр,
Осыдан келеді екен қайдан ғажап?
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Қалай кетті, жазған едім күн нұрын,
Қалай кетті, өлтірген еді сайгүлігің.
Күн нұрын да, сәулесін де салғам ем,
Біткен енді, Құдай сыйың өз бұзды.
Кең далалы өмір бақ,
Кең көлдерім, суым бақ.
Осы жерге, осы шақ,
Қазақ елім бәрге шақ.
Оян, қазақ! Көзіңді аш, қара!
Құлы бопсың орыстар мен сарыға.
Білім емес, ақша ойлаған
Бас имексің бастық айтқан дараға.
Кеш келгенде алыстарды армандаймын,
Сол үшін мен ұйқымды алаңдаймын,
Арман әлемінде мақсат болған құпия,
Тілектерді тек түн келгенде тапқандаймын.
Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Біреуіне - сен Тәңірім деп табынад,
Біреуіне - мен кұлың деп бағынад.
Біреуіне - садақа бер деп жалынад,
Біреуіне - құйрық болып тағылад.
Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
- Төлепбек Жантай
- Конфуций
- Имам Раббани
- Имам Раббани
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі