Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (41) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (30) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (3)

Ешкі мінген балаға
Есек мінген ерсі емес.

Ілмектер: ешкі, есек, бала

Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.

Ілмектер: қыз, есек, жүк

Ерін ауыстырғаны болмаса, есегі сол екен.

Ілмектер: есек

Есек болса, ерттеуші табылар.

Ілмектер: есек

Есекті ысқылағанша, иығын шұқыла.

Ілмектер: есек, жануар

Бір тәкаппар адам жамағаттың арасында аяғын созып, керіліп отырған еді. Мұны көрген Қожанасыр да оған қарай аяғын созып алады. Бұған тәкаппар адам ашуланып, айғайлай бастайды:
- Өй, сен маған құрметсіздік жасадың ғой, сен және есектің арасында қандай айырмашылық бар өзі?- дейді.
Сонда Қожанасыр дереу өзімен әлгі адамның арасындағы қашықтықты өлшеп:
- Есек пен менің арамдағы айырмашылық 3 метр, - деп жауап берген екен. )))

Ілмектер: тәкаппар, Қожанасыр, есек

Есеп білмеген есек.

Ілмектер: есеп, есек, білім, ілім

Ер дұшпансыз болмайды,
Есек тұсаусыз болмайды.

Ілмектер: ер, дұшпан, есек, тұсау

Бір ұрғашының айласы қырық есек, бір қашырға жүк болар.

Ілмектер: айла, қашыр, есек, ұрғашы

Мінгені есек,
Айдағаны өсек,
Тұлабойы есеп.

Ілмектер: есек, өсек, есеп

Жібек тозса, есекке
Жабуға да жарамайды.

Ілмектер: тозу, ескіру, жібек, есек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Есекті қанша ұрсаң да ат болмас.

Ілмектер: есек, ат, ауған мақалы

Есекке сиырдан қалған сабан да сарқыт.

Ілмектер: есек, сиыр, сарқыт, сабан, парсы мақалы

Көп сөз есекке жүк.

Ілмектер: сөз, есек, жүк

Екі есекке де есептен жем бере алмайды.

Ілмектер: есек, жем, парсы мақалы

Исаның есегін Меккеге апарсаң да,
Есек қалпында қайтады.

Ілмектер: есек, парсы мақалы

Итке – сабын,
Есекке сүйек тастайды.

Ілмектер: ит, есек, сабын, сүйек, парсы мақалы

Есегін жоғалтқан тағасын іздейді.

Ілмектер: есек, таға, парсы мақалы

Салпаңқұлақ есекке,
Гауһарың, лағылың есеп пе.

Ілмектер: есек, парсы мақалы

Есек есекке ауыр емес.

Ілмектер: есек, ауыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Пікірлер