Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (9)

Айлалы түлкі алдырмас.

Ілмектер: айла, түлкі

Айла — алтау,
Ақыл — жетеу.

Ілмектер: сақтық, ақыл, айла

Айласыз батыр алдырар.

Ілмектер: айла, батыр

Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз ердің айласы көп.

Ілмектер: ат, пайда, айла, ер, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Бір ұрғашының айласы қырық есек, бір қашырға жүк болар.

Ілмектер: айла, қашыр, есек, ұрғашы

Алға да бас, кейін де шегін -
Айламен үз жаудың белін.

Ілмектер: айла, жау

Әйелдің күші жоқ, айласы көп.

Ілмектер: әйел, айла, күш

Айла білген кісілер
Көзіңді байлап алдайды.

Ілмектер: айла, алдау, көз

Айламен арыстан ұстар,
Қара күшпен тышқан да ұстай алмас.

Ілмектер: айла, арыстан, күш, тышқан

Айласыз ау құрған
Құс ұстай алмайды.

Ілмектер: айла, құс, ау

Айласын білген кісіге
Арыстан да бастығар.

Ілмектер: айла, арыстан

Аңшы қанша айла білсе,
Аю сонша жол білер.

Ілмектер: аңшы, айла, аю

Арыстанға түлкі айласы жараспас.

Ілмектер: арыстан, түлкі, айла