Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (20) Өлеңдер (17) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (7)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Нан" туралы Мақал-мәтелдер

"Нан" туралы мақал-мәтелдер жинағы.

Ас атасы - нан.

Ілмектер: ас, нан
WhatsApp Telegram

Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.

Ілмектер: нан, ел
WhatsApp Telegram

Нан— тамақтың атасы,
Ынтымақ — көптің батасы.

Ілмектер: нан, ынтымақ
WhatsApp Telegram

Нан бар жерде ән бар.

Ілмектер: нан
WhatsApp Telegram

Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.

Ілмектер: нан, қар
WhatsApp Telegram

Тістем нанның қадірін, тарыққанда білерсің.
Анық достың қадірін, зарыққанда білерсің

Ілмектер: дос, нан
WhatsApp Telegram

Дастарқанда нан жоқ —
Тамақта мән жоқ.

Ілмектер: дастарқан, нан, тамақ
WhatsApp Telegram

Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен — ас жоқ.

Ілмектер: адам, нан
WhatsApp Telegram

Қоныс көркі – там,
Дастарқан көркі – нан.

Ілмектер: нан, ас
WhatsApp Telegram

Тұзсыз нан – күшсіз.

Ілмектер: тұз, нан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Нанды тандырдың ыстығында жабу керек.

Ілмектер: нан, ыстық, тандыр, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Алдымен су мен нанды ойла,
Содан кейін ойна.

Ілмектер: су, нан, ойлау, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Нанды суық тандырға жабу.

Ілмектер: нан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Басқаның тәбетімен,
Нан дәметпе.

Ілмектер: тәбет, нан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Сенікі де қамырдан,
Менікі де қамырдан,
Бәрінің аты – тамыр нан.

Ілмектер: қамыр, нан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ілмектер: нан, аштық, тоқтық
WhatsApp Telegram

Жас кезіңде тандыр нан да тәтті.
Қартайғанда құймақ та қатты.

Ілмектер: кәрілік, жастық шақ, қатты, тәтті, нан
WhatsApp Telegram

Дәнді шашпа, нанды баспа.

Ілмектер: нан
WhatsApp Telegram

Көп тимеске, мол тиіпті,
Табақ-табақ нан тиіпті.

Ілмектер: табақ, нан, мол, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.

Ілмектер: нан, өмір, бақыт
WhatsApp Telegram