Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (5)

Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.

Ілмектер: аштық, тоқтық

Атақты ұры аштан өледі.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, аштық

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Ілмектер: кедей, бай, аштық, тоқтық

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Ілмектер: аштық, ас, суық, от

Жас жардың тозағынан да,
Аш қарын азабы жаман.

Ілмектер: азап, аштық, парсы мақалы

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ілмектер: нан, аштық, тоқтық

Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.

Ілмектер: аштық, тоқтық

Аштықтың – тоғы,
Арықтың семізі бар.

Ілмектер: аштық, арық, семіз, қырғыз мақалы

Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес.

Ілмектер: аштық, құйқа, тамақ, тағам, қырғыз мақалы

Аш қайғысын тоқ білмейді.

Ілмектер: тоқтық, аштық, қайғы

Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.

Ілмектер: ай, бай, сенім, аштық, үсу, қырғыз мақалы

Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық.

Ілмектер: аштық, алтын, жарма

Аш қалдың –
Кеш қалдың.

Ілмектер: аштық, кешігу, қырғыз мақалы

Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.

Ілмектер: ер, аштық, намыс

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Ілмектер: аштық, ақыл, сан туралы мақал

Ақыры байдың баласы аштан өлер.

Ілмектер: бай, бала, аштық

Ac жоқта ашықсаң, табақты да жеп қоясың.

Ілмектер: ас, аштық, табақ

Ажалсыз аштан өлмес.

Ілмектер: ажал, аштық, өлім

Аш асығыс,
Тоқ тыныш.

Ілмектер: аштық, тоқтық, асығыс, тыныштық

Аш адам — әлек,
Онымен тоқтың ісі жоқ.

Ілмектер: тоқтық, аштық, әлек