Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (13)

Соқырдың қожасы — құлағы,
Ақсақтың аяғы — таяғы.

Ілмектер: соқыр, ақсақ

Соқыр көргенін жазбас.

Ілмектер: соқыр, жазу

Соқырдың тілегені екі көзі.

Ілмектер: соқыр, тілеу, көз

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

Ілмектер: соқыр, күн, түн, адам, өмір

Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.

Ілмектер: көңіл, соқыр, қорқу, тәлім, тағлым, тәрбие

Соқырдан қарауыл қойсаң, еліңді жауға алдырар,
Наданнан би қойсаң, еліңді дауға қалдырар.

Ілмектер: жау, қарауыл, соқыр, дау, ел

Патшаң соқыр болса бір көзіңді қысып өт.

Ілмектер: патша, соқыр, көз

Соқыр көргенінен жазбас.

Ілмектер: соқыр, көру

Соқыр тауыққа бәрі бидай.

Ілмектер: соқыр, тауық, бидай

Өзі соқыр болса да,
Өзгенің мінін көргіш-ақ.

Ілмектер: мін, соқыр, парсы мақалы

Өзі соқыр,
Ымдап отыр.

Ілмектер: соқыр, парсы мақалы

Соқырға шырақ не керек.

Ілмектер: соқыр, шырақ, парсы мақалы

Соқырдың құдайдан тілейтіні екі көзі.

Ілмектер: соқыр, көз, парсы мақалы

Соқырдың ойы «Көзі бар көп асайды».

Ілмектер: соқыр, көз, ой, парсы мақалы

Жүз басқа бір бөрік,
Жүз соқырға бір серік.

Ілмектер: соқыр, парсы мақалы

Су сайды сағаласа,
Соқыр соқырды жағалайды.

Ілмектер: су, сай, парсы мақалы, соқыр

Соқырдың көзі – тілегі,
Екеу берсең – жарылмайды жүрегі.

Ілмектер: соқыр, жүрек

Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.

Ілмектер: алыс, жол, соқыр, қыз

Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.

Ілмектер: әкім, көз, соқыр

Білмеген (надан) көзі болса да — соқыр,
Тірі жүрсе де — өлік.

Ілмектер: надан, көз, соқыр, өлік, тірі

Пікірлер