Өлең, жыр, ақындар

Пәтердегі ауа көшедегі ауаға қарағанда әлдеқайда лас болады

Адам орта есеппен ғұмырының 90 пайызын үйде өткізеді, бұл таңқаларлық жағдай емес, себебі өміріміздің үштен бір пайызын ұйықымен толтыратынымыз белгілі. Үйде адамдар тамақ әзірлейді, әңгіме құрады, оқиды... сонымен қатар әр секунд сайын ауа жұтады. Зерттеулерге сүйенсек, ауаны кез-келген нәрсе ластайды, мысалы: тұрмыстық техникалар, плиталар, парфюмериялар тіпті жиһаздар.

Остин қаласында орналасқан Техас университетінің зерттеушілер тобы арнайы модельдік үйде тест өткізді. Бұл ауаны өлшейтін датчиктері бар және бөлме ауасының құрамын қадағалайтын анализаторлармен жабдықталған қарапайым тұрғын үйге ұқсайтын зертхана. Ғалымдар эксперимент барысында әдеттегі америкалық Алғыс күнін имитациялады: алдымен таңғы ас, содан кейін мерекелік түскі ас дайындады. Мерекелік кештен соң пәтерді жуғыш заттардың көмегімен тазартты. Қоршаған ортаның құрамын тұрақты өлшеп отыратын құрал уақыттың  шамамен жеті пайызы қауіпті қоспалармен ластанған көрсетті. Егер оны АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі бағалаған болса, онда ауаны адам үшін қауіпті деп санаған болар еді. Әдетте пәтердегі ауаның ластану деңгейін ешкім өлшемейді, басты мәселе де осында.

Зерттеушілердің айтуынша үйдің тіпті заманауи тұрмыстық техникаларымен жабдықталуы да лас ауадан құтқара алмайды екен. Ал отынмен жылытылатын үйлерде ауаға зиянды қоспалар тіпті көптеп таратылатыны анық. Алайда электр плиталарынан шыққан ыстықтың да зияны жоқ емес: тамақ дайындау кезінде пайда болатын ауыр бөлшектер пәтер ішіне ыстық ауа ағынымен таралады.

Бірақ тұрмыстық химиямен немесе аспаздық қоспалармен іс шектелмейді екен. Адамдар күнделікті душ қабылдайды, дезодоранттар, сусабын, шашты сәндеуге арналған құралдарды пайдаланады. Кейбір заттардың құрамында терпендер (бөлме температурасында газға айналатын заттар) бар. Ауада олар басқа қоспалармен реакцияға түсіп, қауіпті қосылыстар түзуі мүмкін.

Тіпті әрбір үйде тұратын және ешқандай зиянды нәрсе бөліп шығармайды деп ойлайтын жиһаздың өзі қауіпті екен. Солтүстік Калифорниядағы Дьюк университетінің ғалымдары тест жүргізіп, қарапайым жиһаз — дивандардың поролондары ауаға антипирен бөліп шығара алатынын дәлелдеді. Жануарларға жүргізілген тәжірибелер барысында антипиреннің жоғары концентрациясы даму проблемаларына және гормоналдық тепе-теңдіктің бқзылуына алып келетінін растады. Сондай-ақ, винил едендері, әсіресе балалар үшін аса қауіпті екен. Зерттеулер едені  винилден жасалған үйлерде тұратын балалардың ағзасындағы бензилбутилфталаттың концентрациясы 15 есе артқанын көрсетті. Бұл көбінесе аллергиялар мен тыныс алу проблемаларына бірден-бір себепші болады екен. Ғалымдардың пікірінше, қауіпті қоспалармен екі тәсілмен күресуге болады: портативті ауа тазартқыштарды пайдалану және тамақ дайындау кезінде міндетті түрде сорғыш желдеткішті қосу, сондай-ақ мүмкіндігінше синтетикасыз «жасыл» тұрмыстық химияны пайдалану.

Оқуға кеңес береміз:

Үйдің шашылмауын қамтамасыз ететін 7 әдет

Үйдің көркін бұзатын тұрмыстағы 10 қателік

Тар бөлмеге біршама шаршы метр қосатын 12 идея

Көзге көрінбейтін қатерлер: өңезденген «саңырауқұлақ» қаншалықты қауіпті

Ауаның ластануы денсаулыққа қалай әсер етеді

ЖЭС-тің ауа райы мен адам денсаулығына әсері

PM2.5 бөлшектері деген не?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз