Өлең, жыр, ақындар

Үйді тап-таза ұстаудың 12 әдісі

Үй жинаудың еш қиындығы жоқтай көрінеді. Шаңды сүрте сал, еденді жу, шаңсорғышты қос. Жарайды, ал пеш үстіне шашырап, қатып қалған майды не істейміз? Ал бетіндегі торға жабысқан майды қалай кетіреміз?

1. Лимон шырыны микротолқынды пештегі дақтарды кетіреді.

Әрине, микротолқынды пешті жууға арналған құрылғыны сатып ала салуға да болады. Бірақ оның қанша тұратынын білесіз бе? Оның арзан тәсілі бар. Микротолқынды пеште қыздыруға жарайтын ыдысты алып, оған жартылай су құйыңыз және ортасынан бөлінген төрт лимонның шырынын суға сығып қосыңыз. Жемістердің жартысын су мен шырынның қоспасына қабығын бетіне қаратып қойыңыз да қыздырыңыз. Содан кейін суды төгіп, лимонды тастай салуға болады, ал микротолқынды пешті ылғал шүберекпен сүртіп шығыңыз – бәрі тап-таза.

2. Айнадағы дақтарға қарсы лимон шырынын пайдалануға болады.

Бір стақан су мен лимон шырынының төрттен бір бөлігін араластырып, пульверизаторға құйып айна мен терезелерді тазартуға болады. Әйнекке сеуіп, құрғақ майлықпен сүртіп шығыңыз.

3. Қылшықтарға қарсы қолғап.

Кілем, диван және орындықтардың жастығына жабысқан үй жануарларының жүндерін қолмен жинаған дұрыс. Ол үшін қолыңызға резеңке қолғап киіп, оны сулап, түктің үстінен жүріп өту керек. Қылшықтар түйір болып жинала бастайды.

4. Қарапайым сода арқылы көптеген заттарды тазартуға болады.

Мысалы кәстрөл мен табаның күйік қабатын кетіруге болады. Ол үшін жарты стақан сірке суына жарты стақан қант пен екі шай қасық сода қосыңыз. Алдымен кәстрөлге су мен сірке суының қоспасын құйып қайнатып алыңыз. Су мен сірке суының қоспасын төгіп тастаңыз да, түбін содамен тазартыңыз. Егер бәрібір қара дақтар қалған болса, су мен содадан жасалған пастаны жағып, біраз уақытқа қойып қойыңыз. Кейін мұқият жуыңыз.

5. Кафель арасында жиналған дақты сода мен ескі тіс щеткасы арқылы тазартуға болады.

Сода жылдар бойы жиналған және қабырға мен еденнің құтын қашыратын кір, зең, микроқоқысты жақсы тазартады. Алдымен кафельді жақсылап жуып алыңыз, кейін су мен содадан жасалған пастаны щеткаға жағып, қуыстарды тазартып шығыңыз. Сосын дымқыл шүберекпен сүртіп шығыңыз.

6. Қарайып кеткен күмісті кетчуп арқылы тазартуға болады.

Күміс ыдыстардыкетчуп құйылған ыдысқа батырып салып, 5-10 минутқа қалдырыңыз. Кейін жылы сумен шайып, құрғатып сүртіңіз. Бұл әдісті жез ыдыстарға да және күміс әшекейлерге де пайдалануға болады.

7. Ас содасымен тоңазытқышты оңай тазалауға болады.

Бір литр суға төрт шай қасық (толтырып) ас содасын салып, тоңазытқыштың сөрелерін жуып шығыңыз. Әрине, оның алдында тоқ қуатынан ажыратып алыңыз.

8. Су құбырының бетіндегі ақ минералды дақтарға қарсы.

Су құбырының бетіндегі ақ минералды дақтар мен су тамшыларының орнын лимон жақсы кетіреді. Жарты лимонмен хромдалған құбырдың үстімен жүріп өтіңіз де, жұмсақ шүберекпен сүртіп шығыңыз.

9. Турауға арналған тақтайды тазалау үшін тұз және лимон.

Егер ағаш тақтай қарайып, кірлеп кетсе, бетіне тұз сеуіп жарты лимонмен басып үйкелеңіз. Тазарған тақтайды сумен шайыңыз.

Айтпақшы, тұз және лимонмен раковина, унитазды да тазалауға болады.

10. Грильге арналған торды тазалау

Грильге арналған торды күйіктен тазарту өте қиын. Бірақ егер оны бірнеше сағатқа жылы суда жібітіп қойса, ал суға антистатикпен (мұндай құрылғы көбіне техника мен компьютерлерді тазалауға арналған тазартқыш майлықтарда болады) дымқылдатылған бірнеше майлықты салып қойса, онда тазалаумен мәселе болмайды.

11. Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаңыздағы жағымсыз иіс.

Егер сіздің ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаңызда қоқыс ұсақтағыш тұрса, оған лимонның бірнеше бөлігін тастап жіберіңіз. Ас үйіңіз хош иіске бөленеді.

12. Духовканы тазарту

Мұсатырлы спирт духовканы тазартуға таптырмас құрал. Жарты стақан мұсатырлы спиртті түнге істемей тұрған духовкаға қалдырыңыз. Жабысқан майдың бәрі өзі түсіп қалады, тек сүртіп шығу керек болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (30)

Анар

Лимон өте пайдалы нәрсе екен, денсаулыққа да, тазалыққа да, тағамға да, иіссу, сабын.... қысқасы көөөп нәрсе...)

Анар

Айтпақшы кеңестер супер! Әсіресе су құбырының бетіндегі ақ минералды дақтарды кетіру туралы, сол дақтар ұнамайды) сынап көру керек, рахмет!!

Абдирасулова Х.

Рхмет!!!

Абдирасулова Х.

Маган оте катты унады.
РАХМЕТ!!!!!!!

Мөлдір

Өте қажетті кеңестер!

Ырысгул

Керемет

Ырысгул

Керемет

сауле

Рахмет керемет кенестер екен асиресе духовканы тазарту жайлы кенестериниз катты унады жасап кору керек екен мусатир спиртин кайдан алуга болады

jazira179

маған сайт материалдары қатты ұнады

jazira179

маған сайт материалдары қатты ұнады

Майра

Оте жаксы пикир екен.

Асылгул

оте пайдалы кенестер екен маган катты унады. Коп рахмет

санда

рахмет

Омиргул

Оте пайалы кенес екен

Танзила

керемет екен кенестерниз оте кунды

рахима

Улкен рахмет, мен осы усыныстарды пайдаланамын

Айжан

Рахмет

Жанка

Өте керемет.тоңазытқыштың исін қалай кетіруге болады

saule

vnaidi

saule

ote paidali kenes

Гульмира

Спасибо за совет. Очень приятные и полезные советы.

Кенже

Рахмет катты унады.

Жанна

Газ плитаны қалай тазалауға болады

Белгісіз

Неге лимон үйім шашылып жатыр мен компьютердан іздестіріп жатырмын шырағым мынау енді болмайды.Мен үйдің тап-таза болғанын елестетім.Түкте шыққан жоқ енді былай жазылып тұр көзінізге үйдің тап-таза болғаның елестетініз дейді.Елестетім сосын оқиым дегем отбасыныз бен бөлісіп жинаныз дейді әбден жынымды қоздырды.

Ақтоты

Мұсатырлы спирт духовканы тазартуға таптырмас құрал. Жарты стақан мұсатырлы спиртті түнге істемей тұрған духовкаға қалдырыңыз. Жабысқан майдың бәрі өзі түсіп қалады, тек сүртіп шығу керек болады.

Жұлдыз

Сіз шынымен де перчатка сөзінің қазақшасын білмейсіз бе? Тым болмаса аударманы дұрыс жасап үйренбейсіз бе? Әлде жазсам, болды, мұны оқитын адамның бәрі сауатсыз деп ойлайсыз ба?

Жұлдыз

Қазақта перчатка деген сөз бар ма еді?

Жанар

Samina, кеңестеріңіз ұнады, рахмет!

Мвйгуль

4-нускада кантты кай кезде колданамыз? (Казакша шрифт жок,кеширерсиздер)

Айша

Өте пайдалы кеңес мен духовкімнің кірін кетіре алмай жүр едім маған спирт көмек тесті ең пайдалы кеңес

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар