Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (155) Өлеңдер (7) Жоспарлар (45) Мақал-мәтелдер (236) Ұлағатты сөздер (138) Әзіл, анекдоттар (1)

Алғыға қарап пікір ет,
Артқыға қарап шүкір ет.

Ілмектер: тәлім, тағлым, тәрбие, шүкір, пікір

Жүрген аяққа жүргем ілінеді.

Ілмектер: тәлім, тағлым, тәрбие, аяқ

Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.

Ілмектер: көңіл, соқыр, қорқу, тәлім, тағлым, тәрбие

Көп біл, аз сөйле.

Ілмектер: біл, сөйлеу, тәлім, тағлым, тәрбие

Тентек — жұртқа теріс, өзіне дұрыс.

Ілмектер: тентек, жұрт, тәлім, тағлым, тәрбие

Көргенді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.

Ілмектер: тәлім, тағлым, тәрбие

Жақсы лебіз, жарым ырыс.

Ілмектер: ырыс, лебіз, тәлім, тағлым, тәрбие

Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек

Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.

Ілмектер: надан, тәрбие, адам, парсы мақалы

Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.

Ілмектер: тәрбие, оқу, білім

Қызымның құлағына алтын сырға.

Ілмектер: үлгі, өнеге, тәлім, тәрбие

Ғалым алдында аузыңды тый.

Ілмектер: ғалым, үлгі, өнеге, Тәрбие, тәлім

Тең теңімен, тезек қабымен.

Ілмектер: үдгі, өнеге, тәлім, тәрбие

Тесік моншақ жерде қалмас.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.

Ілмектер: ел, ер, әйел, тәрбие

Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.

Ілмектер: тәрбие, адам, айуан, парсы мақалы

Ғалым тәлімін өзінен бастасын.

Ілмектер: ғалым, тәлім, тәрбие, парсы мақалы

Баланы – жасынан,
Қатынды – басынан.

Ілмектер: бала, қатын, тәрбие

Ағасын көріп, іні өседі,
Апасын көріп, қыз өседі.

Ілмектер: аға, іні, қыз, тәрбие, Туыстық қатынастар

Бала - дүниеге әкелгендікі емес, тәрбиелегендікі.

Ілмектер: бала, тәрбие