Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (39)

Ашу үстінде
Ант жүрмейді.

Ілмектер: ашу, ант

Ашу – садақ, ақыл – таяқ.

Ілмектер: ашу, ақыл

Асығыста – салмақты бол,
Ашу қысса – ұстамды бол.

Ілмектер: ашу

Ашуланса,
Көшке берген тайлағын алсын.

Ілмектер: ашу

Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.

Ілмектер: ашу, ит, күлкі, күшік

Ашулының алдында тұрма.

Ілмектер: ашу

Ашу арындайды,
Ақыл соңынан аяндайды.

Ілмектер: ашу, ақыл

Ашу тұрған жерде, ақыл тұрмас.

Ілмектер: ашу, ақыл

Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер.

Ілмектер: ақыл, ашу

Ит дегенге ашуланып,
Күшік десең күледі.

Ілмектер: ит, ашу, күлкі, күшік

Қайтып келер есікті қатты серіппе.

Ілмектер: есік, ашу, ақыл

Ашу - қайнар, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, ақыл, дос, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Қараның ашуы келгенде сарының жаны шығады.

Ілмектер: ашу, жан

Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.

Ілмектер: ашу, білім, көру

Ашу ақылдың дұшпаны,
Нәпсі иманның дұшпаны.

Ілмектер: ашу, дұшпан, нәпсі, ақыл, иман

Қатын ашуланса қазан қайнатар.

Ілмектер: қатын, әйел, ашу

Әйел ашуланса, екі көзіне әлі келеді.

Ілмектер: әйел, ашу

Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.

Ілмектер: ашу, керісу, жел, күн

Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.

Ілмектер: ашу, адам, аш

Оң қолыңның ашуын сол қолыңмен арашала.

Ілмектер: ашу, қырғыз мақалы