Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (41) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (30) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (3)

Арыстанмен – арыстан,
Қозымен қозы болсаң да,
Есекпен есек болма.

Ілмектер: арыстан, есек, қозы

Есек айтады:
Тірі болсам, теңізден де су ішермін.

Ілмектер: теңіз, есек, су

Ат туласа, есек бүлінеді.

Ілмектер: ат, есек, қырғыз мақалы

Есек құрғақта ақырса,
Батпақта мәлім болады.

Ілмектер: есек, батпақ

Есебін ептеп білеміз,
Есегін қайтіп мінеміз.

Ілмектер: есеп, есек, қырғыз мақалы

Есегінде тұсау жоқ,
Түйесіне қом жасамақ.

Ілмектер: есек, түйе, қырғыз мақалы

Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.

Ілмектер: есек, құн, теңге, ақша, қырғыз мақалы, тоқым

Арпа берген кісіден есек қашпайды.

Ілмектер: арпа, есек, кісі

Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.

Ілмектер: қарттық, есек, жігіт, төсек

Аш ит ет тапса, асай береді:
Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.

Ілмектер: аш, ит, ие, түйе, есек

Пікірлер