Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (35) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (1)

Асыл тастан, ақыл - жастан.

Ілмектер: асыл, тас, жас, ақыл

Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

Ілмектер: іс, кәрілік, ас, жас

Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.

Ілмектер: қарт, жас, ас, іс

Ақыл — жас ұланнан,
Жүйрік — тай құнаннан.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, құнан, тай

Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.

Ілмектер: адам, өмір, жас, кәрі

Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.

Ілмектер: дана, кәрі, жас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жас өседі, жарлы байиды.

Ілмектер: жас, жарлы, кедей, бай, байлық

Алғаны жақсы жолықса, жігіт тағы жасарар.

Ілмектер: жас, жігіт, үйлену

Кәрі, жас құрдастықтан білінер.

Ілмектер: кәрі, жас, құрдас

Көзінің жасы көл болды.

Ілмектер: көз, жас, көз жасы, көл

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: жас, заман, құрдас, адам

Болар адам жеті жастан бас болар,
Болмас адам қырыққа келсе де жас болар.

Ілмектер: адам, жеті, қырық, жас, адамның қасиеттері

Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.

Ілмектер: ат, қатын, әйел, жас

Жас та болса – бас.

Ілмектер: жас, бас

Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, ат, қарт, асыл, тас

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Ілмектер: жас, көрген

Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.

Ілмектер: өлім, бура, бота, кәрі, жас, ай, күн, ажал