Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (65) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (115)

Шамасыз батырлық —
Шарасыз өлім.

Ілмектер: батырлық, батыр, өлім

Әкесі өлгенді де естіртеді.

Ілмектер: әке, өлім, естірту

Қатыны өлген мен байы өлген қосылса:
Күндіз екеу,
Түнде төртеу.

Ілмектер: қатын, бай, өлім

Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.

Ілмектер: өлім, пышақ, кісі

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?

Ілмектер: шындық, өтірік, әке, өлім

Ер бір өледі, ез мың өледі.

Ілмектер: ер, ел, өлім

Ер жігіт үйде туылып, түзде өлер.

Ілмектер: ер, үй, түз, өлім

Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.

Ілмектер: жолдас, дос, жау, өлім, ер, ерлік, батырлық

Ұйқы өліммен тең.

Ілмектер: ұйқы, өлім, сақтық, қырағылық

Байды өркөкіректік өлтірер.

Ілмектер: өркөкірек, өлім, пейіл, ынсап, бай

Қарғыстан кісі өлмейді.

Ілмектер: қарғыс, кісі, өлім, пейіл

Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.

Ілмектер: тірі, өлім, сыйластық, жылау

Өлімнен басқаның ертесі жақсы.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығынды тауыспа.

Ілмектер: адам, өмір, өлім, азық, отын

Өнерге өлім жоқ,
Жалқауға жарық жоқ.

Ілмектер: өнер, өлім, жалқау

Ұйқы менен өлім тең.

Ілмектер: ұйқы, өлім, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Абайламай сөйлеген ауырмай өледі.

Ілмектер: өлім, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, сөз

Өмір соңы - өлім.

Ілмектер: өмір, өлім, араб мақалы

Қартайып өлсең қапыл жоқ.

Ілмектер: қарттық, өлім

Жә еріншек өлер, жә көңілшек өлер.

Ілмектер: еріншек, өлім, көңілшек

Пікірлер