Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"туған жер" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "туған жер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Туған жердің
Ілмектер: туған жер, ел, жұрт
Түйе жейтін жапырағы да дәрі,
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрі.
Туған жердің торғайы
Ілмектер: туған жер, ел, жұрт
Тұрымтайдай көрінер.
Құлыны тайдай көрінер,
Қыздары айдай көрінер.
Атамекен туған жер,
Ілмектер: атамекен, туған жер
Кір-қоңыңды жуған жер.
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Ілмектер: туған жер
Ит тойған жеріне,
Ілмектер: туған жер
Ер туған жеріне.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Ілмектер: туған жер
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Егілмеген жер жетім,
Ілмектер: туған жер
Елінен айрылған ер жетім.
Елінен безген ер болмас,
Ілмектер: туған жер
Көлінен безген қаз болмас.
Өз елінде көртышқан да батыр.
Ілмектер: туған жер
Өз елім, өлең төсегім.
Ілмектер: туған жер
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Ілмектер: туған жер
Өз еліңде ұлтан бол.
Акқу көлін аңсайды,
Ілмектер: туған жер
Адам туған жерін аңсайды.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі