Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (112) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (73) Ұлағатты сөздер (83)

Атың жақсы болса — жолдың жырағы,
Ұлың жақсы болса — көңіл шырағы.

Ілмектер: ат, жақсы, жол, ұл, көңіл, қырғыз мақалы

Тісің кетік болса да, көңілің бітік.

Ілмектер: тіс, көңіл, қырғыз мақалы

Бұқаның өзі қартайса да, мұрны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.

Ілмектер: жақсы, көңіл

Тіл – көңілдің тілмәші

Ілмектер: тіл, көңіл, тілмәш

Көңіл — сөздің сандығы.

Ілмектер: көңіл, сөз, сандық

Адамның көңілі де көк сияқты қаулайды, семеді.

Ілмектер: адам, көңіл

Ақыл дария екен,
Көңіл дүлдүл екен.

Ілмектер: ақыл, дария, көңіл

Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.

Ілмектер: ақылды, ер, адам, көңіл, аулау, күйзеліс, күншіл, дау

Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.

Ілмектер: әкім, көңіл, көз

Базарда пұлы бардың көңілі тоқ,
Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.

Ілмектер: базар, пұл, көңіл, опа, қатын

Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсіред,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.

Ілмектер: қайғы, қуаныш, мұң, көңіл

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Ілмектер: дана, көңіл, тіл, ризық

Дос досқа жалынса,
Достың көңілі алынады.

Ілмектер: дос, достық, көңіл