Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (56)

Іздеген кілт сөзіңізге(ілмек) байланысты мәліметтер:


"Ұят" туралы Мақал-мәтелдер

"Ұят" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде Ұят туралы қызықты деректер, танымдық мақалалар мен пайдалы мәліметтер жинақталған.

Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.

Ілмектер: уақыт, ұят

Ит ұялса, тастаған сираққа да ұмтылмас.

Ілмектер: ит, ұят

Тастақ жерде қияқ болмайды,
Сондай-ақ, тазда ұят болмайды.

Ілмектер: ұят, қияқ

Ұялғаннан қара жер қақ жарылар.

Ілмектер: ұят, жер, қырғыз мақалы

Шыбықтың иілгені — сынғаны,
Жігіттің ұялғаны — өлгені.

Ілмектер: ұят, жігіт, қырғыз мақалы

Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжауыр.

Ілмектер: тышқан, аң, ынсап, пейіл, ұят, ұрлық

Білмеу - ұят емес,
Үйренбеу - ұят!

Ілмектер: білмеу, Үйренбеу, ұят, түрік мақалы

Ар қайда болса,
Ұят сонда.

Ілмектер: ар, ұят

Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

Ілмектер: адам, адамгершілік, ұят

Адамға тілене беру — ұят:
Тапқан наны көбейгенімен,
Абыройы азады.
Көп тілену — жұмыс емес кәделі,
Нан көбейер, бірақ азар беделі.

Ілмектер: адам, тілену, ұят, абырой, бедел

Ауыз асағанда, көз ұялады.

Ілмектер: ауыз, көз, ұят

Баланы асырай алмасын деп күңге береді,
Ұялтайын деп қызға береді.

Ілмектер: бала, ұят, күң, асырау

Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.

Ілмектер: бәле, ұят, жақсы, іс

Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.

Ілмектер: әдептілік, ар, ұят, надан, мінез, адам, адам және оның қасиеттері

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Ілмектер: ұят, абырой, ар, тәрбие, өнеге

Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.

Ілмектер: ақыл, ар, ұят, адам, адам және оның қасиеттері

Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, ел, күн

Хан еріксе, қара халық ханның ойыншығы болады.

Ілмектер: хан, пейіл, ұят, ынсап, ойыншық

Ұят - иман белгісі.

Ілмектер: ұят, иман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,
Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.

Ілмектер: ұят, әдеп, әйел, жігіт