Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (35) Өлеңдер (19) Мақал-мәтелдер (93) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (1)

"қонақ" туралы Мақал-мәтелдер

"қонақ" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қонақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

Ілмектер: қонақ, орын
WhatsApp Telegram

Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.

Ілмектер: қонақ, үй
WhatsApp Telegram

Қонағын сыйласа төрге шық дейді.

Ілмектер: қонақ, төр, сыйлау
WhatsApp Telegram

Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт.

Ілмектер: қонақ, құт, жұт
WhatsApp Telegram

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Ілмектер: қонақ, қой
WhatsApp Telegram

Қонағын сыйламаған баласын ұрады, не үйін сыпырады.

Ілмектер: қонақ, бала, сыйламаған
WhatsApp Telegram

Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.

Ілмектер: қонақ
WhatsApp Telegram

Қонағым, жүре тоярсың.

Ілмектер: қонақ
WhatsApp Telegram

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Ілмектер: қонақ, сынау
WhatsApp Telegram

Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді.

Ілмектер: қонақ, қой, жуас
WhatsApp Telegram

Қонақ келсе құт келер.

Ілмектер: қонақ, құт
WhatsApp Telegram

Жақсы қонақ - құт, береке.

Ілмектер: құт, қонақ, береке, жақсы
WhatsApp Telegram