Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (127)

Көзсіз жұмсаған — күш арам,
Көріксіз істелген — іс арам.

Ілмектер: күш, іс, өнер

Ынта болса адамда
Қиын іс жоқ ғаламда.

Ілмектер: ынта, іс, еңбек

Ауыр жол— атаңды сынайды,
Ауыр іс — адамды сынайды.

Ілмектер: адам, сынақ, іс, жол, ата

Құрыш қайрат,
Құрылыста шынығар
Ісін сүйген,
Істей жүріп тынығар.

Ілмектер: қайрат, іс, еңбек

Сүйіп істеген іс —
Шаршатпайды.

Ілмектер: іс, еңбек

Өз басына іс түспеген,
Өзгенің қайғысын білмейді.

Ілмектер: іс, қайғы

Орайы келген іс — оңай бітер.

Ілмектер: іс

Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма.

Ілмектер: іс, дау

Істің көзін таппағанның
Күші зая,
Еңбегі ештің
Істеген ісі зая.

Ілмектер: еңбек, іс, өнер

Жаман іс жоқ.

Ілмектер: жаман, іс

Жұмыла істеген іс жеңіл.

Ілмектер: іс, еңбек

Біткен іс — піскен жеміс.

Ілмектер: іс, еңбек

Көңілің тартпаған іске қол ұрма.

Ілмектер: көңіл, іс

Адамды түсіне қарап таныма,
Істеген ісіне қарап таны.

Ілмектер: адам, іс

Ұялғаннан кісі өлмес,
Асыққанның ісі өнбес.

Ілмектер: кісі, іс, адам