Жаман іс жоқ. Ілмектер: жаман, іс Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жаман іс жоқ.
Шын ба?
Жақсы іске келді, жаман асқа келді. жақсы, жаман
Келісіп пішкен тон келте болмас. келісу
Орайы келген іс — оңай бітер. іс
Өліспеген көріседі. көрісу
Екі кісі ығысса, Бір кісілік орын бар. екі, кісі
От жағылмаған үй — қора, Кісі келмеген үй — мола. үй, кісі
Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма. іс, қалдыру
Бір кісі мың кісіге олжа салар. олжа, кісі
Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде. кісі, кісілік
Біткен іске сыншы көп, Піскен асқа жеуші көп. іс, ас
Болмайтын істің басында болма, Бітпейтін даудың қасында болма. іс, дау
Бітер істің басына — Жақсы келер қасына жақсы, іс
Ауыр жол— атаңды сынайды, Ауыр іс — адамды сынайды. адам, сынақ
«Арық» деген жаман тай Жазға шықса ат болар, Жамандығың сезілсе Жақын кісің жат болар. жан-жануар, төрт түлік мал
Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім. Жылқы жасы тісінен мәлім. жан-жануар, төрт түлік мал
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра. еңбек, іс
Сөзі — аз, Ісі — саз. сөз, іс
Ынта болса адамда Қиын іс жоқ ғаламда. ынта, іс
Құрыш қайрат, Құрылыста шынығар Ісін сүйген, Істей жүріп тынығар. қайрат, іс
Сүйіп істеген іс — Шаршатпайды. іс, еңбек
Жұмыла істеген іс жеңіл. іс, еңбек
Біткен іс — піскен жеміс. іс, еңбек
Көрген, көргенін істейді Көсеу түрткенін істейді. көру, істеу
Ағайыныңды іске шақырма Асқа шақыр. ағайын, іс
Өз басына іс түспеген, Өзгенің қайғысын білмейді. іс, қайғы
Бұл бетте қандай мақал-мәтелдер бар?
жаман туралы мақал-мәтелдер берілген.
жаман туралы мақал-мәтелдер тағы бар ма?
жаман туралы басқа да мақал-мәтелдер бар.
Омар Жалел
Шын ба?