Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (3)

Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.

Ілмектер: бөрі, бөрік

Бөрі боранды ұнатады.

Ілмектер: аң, бөрі

Бөркіңді беріп
Бөріден құтылмайсың.

Ілмектер: бөрі, жануар

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Ілмектер: ит, бөрі, жануар

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Ілмектер: ұры, бөрі, қасқыр

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

Ілмектер: бөрі, қорқақтық, орман, ер, ерлік, батырлық

Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.

Ілмектер: жау, сақтық, бөрі, қырағылық, жер

Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.

Ілмектер: аңқау, адам, бөрі, қой

Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық.

Ілмектер: қой, бөрі, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Өлі бөріден ит аттамас.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ит, бөрі

Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ит, ауыл, бөрі

Бөрі де жолдасына қас қылмайды.

Ілмектер: қастық, жолдас, бөрі

Бөрі боп туса,
Бота боп жартпас.

Ілмектер: бөрі, бота, парсы мақалы

Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.

Ілмектер: бөрі, қару, арыстан, парсы мақалы

Сұр ит – бөрінің бөлесі.

Ілмектер: ит, бөрі, бөле, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Дүзде бөрі ұлыса,
Үйде ит қыңсылар.

Ілмектер: бөрі, ит

Артымды бөрі жесе де, көзім көрмесін.

Ілмектер: бөрі, көз, қырғыз мақалы

Бөрі арығын бүлдірмес
Итке арқасын үрпитер.

Ілмектер: бөрі, ит, қырғыз мақалы

Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

Ілмектер: адам, ой, қой, қасқыр, бөрі, қырғыз мақалы

Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.

Ілмектер: ер, тамақ, бөрі, қасқыр, жол

Пікірлер