Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (41) Мақал-мәтелдер (278) Ұлағатты сөздер (207)

Көп ақылды жиналса,
Қиын істі бітірер.
Көп ақымақ жиналса,
Оңай істі жітірер.

Ілмектер: іс, ақыл

Ақымақ жылынса, тон киместей,
Тойса, нан жеместей.

Ілмектер: ақымақ, ақыл

Ақымақтың ақылы
Түстен кейін кіреді.

Ілмектер: ақыл

Ақыл тозбайды,
Алтын шірімейді.

Ілмектер: алтын, ақыл

Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, ақыл

Ақымаққа айтқан сөз
Далаға атқан оқпен тең.

Ілмектер: сөз, ақымақ, ақыл

Ақымақпен астаспа
Ақылдымен қастаспа.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, ақыл

Ақыл — алтын сандық,
Адамына қарай ашылар.

Ілмектер: ақыл

Ақымақ тойынса,
Туысын танымайды.
Ақылды тойынса,
Тобасынан жаңылмайды.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, туыс

Ақылы асқанды аға тұт.

Ілмектер: ақыл

Ақымаққа айла жоқ,
Айтқанменен пайда жоқ.

Ілмектер: ақымақ, ақыл

Тақырға біткен төбе
Таудай көрінеді.
Екі тентек қосылса
Саудай көрінеді.
Бір тентек бір ақылды қосылса,
Жаудай көрінеді.

Ілмектер: ақыл, ақылды

Естіге ел тоқтайды,
Есерге жын тоқтайды.

Ілмектер: ес, есті, ақыл

Ақылы аздың — ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.

Ілмектер: ақыл, ашу, су

Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.

Ілмектер: ақыл, ақылды

Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.

Ілмектер: ақыл, шебер

Дүние ақылдыға жарық,
Ақылсызға тамұқ.

Ілмектер: ақыл, дүние

Ақылдыға сөз айтсаң
Аз ойланып біледі.
Ақылсызға сөз айтсаң
Тыңдайды да, күледі.

Ілмектер: ақыл, сөз

Ақылы аздың азабы көп.

Ілмектер: ақыл

Ақымақ шаппамен бауыздар,
Ақылды мақтамен бауыздар.

Ілмектер: ақыл

×