Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (90) Өлеңдер (16) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (112) Ұлағатты сөздер (44) Әзіл, анекдоттар (5)

Бай кісі балпаң келер,
Жарлы кісі жалтаң келер.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей

Бай кісіде ақша көп болғанмен,
Ізгі ниет жоқ болады.

Ілмектер: бай, ақша, ниет, ізгі

Бай қайырлы болмаса,
Бар малынан айрылар.
Мал бетіне қараған
Жарынан айрылар.

Ілмектер: бай, қайыр, байлық, мал, жар

Бай қараса, бақ қарайды.

Ілмектер: бай, бақ

Бай қасына көшіп бар да,
Байымасаң, маған кел.
Қу қасына көшіп бар да,
Қурамасаң, маған кел.

Ілмектер: бай, байлық, қу

Бай мақтанса, табылар,
Әрнәрсенің, қоры бар.
Жоқ мақтанса, шабылар,
Маңдайының соры бар.

Ілмектер: бай, мақтану, кедей

Бай мақтанса, май табылар,
Жоқ мақтанса, не табылар.

Ілмектер: бай, май, кедей

Бай мен бай құда болса, жорға жүрер,
Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер,
Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер.

Ілмектер: бай, құда, кедей, дорба

Бай менен жарлының арасы ауа менен жердей.

Ілмектер: бай, кедей. ауа, жер

Бай мінеді бір ат,
Жарлы мінеді бір ат.
Жазғытұры болғанда,
Бай мінеді құр ат.

Ілмектер: жазғытұры, бай, ат, жарлы, кедей

Байдан сыралғы, батырдан сауға.

Ілмектер: бай, сыралғы, батыр, сауға

Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.

Ілмектер: бай, пейіл, ынсап, құдай

Байды мал басар,
Жарлыны бала басар.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, бала, мал

Байдың асын байғұс қызғанар.

Ілмектер: бай, ас, қызғаныш

Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.

Ілмектер: бай, қой, қасқыр, аман

Байдың малы теңіз,
Ептеп жемеген доңыз.

Ілмектер: бай, мал, теңіз, байлық, доңыз

Байдың мың қойының ішінде
Жарлының жалғыз қара тоқтысын көреді.

Ілмектер: бай, мал, кедей, жарлы, тоқты, қара

Байдың ісі пәрменменен,
Жарлының ісі дәрменменен.

Ілмектер: бай, іс, жарлы, кедей, пәрмен, дәрмен

Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаманын жоқ санар.

Ілмектер: бай, аш, тоқ, жаман

Байлардың сыйлығынан
Кедейдің сабыр еткені артық.

Ілмектер: бай, кедей, сыйлық, сабыр, артық