Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.

Ілмектер: туған жер, ел, отан

Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
Қатының долы болса, елдің тыныштығынан не пайда?

Ілмектер: етік, ел, тыныштық, қатын, долы, тар

Дүмше молда - ел бұзар.

Ілмектер: молда, ел, дүмше

Ежелгі жауел болмас,
Ескі мақта жіп болмас.

Ілмектер: жау, ел, жіп

Жер қадірін ел біледі,
Ел қадірін ер біледі.

Ілмектер: жер, ер, ел, қадір

Жер тойынбай, ел тойынбайды.

Ілмектер: жер, ел

Отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге кетер.

Ілмектер: отыз, тіс, ел, сөз, ру

Төреге ерсең елсіз қаласың.

Ілмектер: төре, ел

Төреге ерсең елсіз қаласың.

Ілмектер: төре, ел

Тозған елден би,
Қашқан жаудан ер шықпайды.

Ілмектер: ел, жау

Елде қырық кісі бар, сүйгеніңе сәлем бер.

Ілмектер: ел, кісі, сәлем, сәлем беру

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.

Ілмектер: ел, арам, қу, еңбек, адал

Еңбек ет те, елге жет.

Ілмектер: еңбек, ел

Бірлікті ел бұзылмас.

Ілмектер: бірлік, ел

Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.

Ілмектер: су, ер, ел

Ел - ырыстың кілті,
Ер - ырыстың қорғаны.

Ілмектер: ел, ер, ырыс, қорған

Ел сүйгендей досың болсын,
Жер сүйгендей қосың болсын.

Ілмектер: ел, жер, сүю

Ел - елдің түбі бір,
Ер - ердің тілегі бір.

Ілмектер: ел, ер

Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр - жерде жатыр.

Ілмектер: батыр, жер, ел

Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.

Ілмектер: ер, ел, ерлік