Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Жері байдың елі бай.

Ілмектер: ел, жер, байлық

Тау тасымен көрікті,
Ел жасымен көрікті.

Ілмектер: ел

Азат елдің аспаны ашық.

Ілмектер: тәуелсіздік, ел, азат

Елін сүйген ер болар.

Ілмектер: ер, сүю, ел

Етектен кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.

Ілмектер: ел, дұшпан

Ел көркі — мал,
Өзен көркі — тал.

Ілмектер: ел

Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.

Ілмектер: ел

Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.

Ілмектер: ел, туған жер, көл

Дәулетті ел — сәулетті.

Ілмектер: ел, дәулет

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Ілмектер: орман, ел, дәулет

Көп тілесе алар,
Күн бұлттанса жауар.

Ілмектер: көпшілік, ел, күн, жауын

Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, ел, күн

Алып ел дүрліккенде көрінеді,
Данышпан жай тірлік күнде көрінеді.

Ілмектер: ел, алып, дүрлігу, данышпан, күн

Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.

Ілмектер: аспан, ай, күн, ел, жер, әкім

Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.

Ілмектер: өмір, бек, тәтті, ел, халық, күн, қараңғы, басшы

Қара қайсы, хан қайсы,
Елді ойлаған жан қайсы.

Ілмектер: хан, ел, пейіл, ынсап

Бөтен елге патша болғанша,
Өз еліңде шопан бол.

Ілмектер: ел, патша, отан, шопан

Білім ел ішінде.

Ілмектер: Білім, ел

Ел айрылса – көбіне,
Жол айрылса – кеңінен.

Ілмектер: ел, жол

Екі тау қосылмайды,
Екі ел қосылады.
Жігіті жүзге жеткен елді
Жүзіқара кемітеді.

Ілмектер: ел, жігіт