Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (30) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (273) Ұлағатты сөздер (148)

Еңбектің көзін тапқан
Байлықтың өзін табады.

Ілмектер: еңбек, байлық

Ерінбесең еңбегің өнеді.

Ілмектер: еңбек

Көп еңбегі - пәрменді.

Ілмектер: еңбек

Көп еңбегі көлмен тең.

Ілмектер: еңбек

Еңбегі жанғанның
Тоқтысы егіз туады.

Ілмектер: еңбек, егіз, тоқты

Егіні біткеннің
Қырманына қыдыр қонады.

Ілмектер: егін, еңбек, қырман

Ерінбегеннің еңбегі оңады.
Еңбегі оңғанның үйіне қыдыр қонады.

Ілмектер: еңбек, үй, қыдыр

Жас күніңде еңбек қылсаң,
Есейгенше жетілерсің.

Ілмектер: еңбек

Еңбек өмірді ажарлайды.

Ілмектер: еңбек, өмір

Еңбек патшалықты асырайды.

Ілмектер: еңбек

Еңбекшінің мұртын балта кеспес.

Ілмектер: еңбек, балта, мұрт

Еңбек шаһар түзетеді,
Еңбексіздік оны жүдетеді.

Ілмектер: еңбек, шаһар

Еңбек те ептілікті тілейді,
Ерлік те ептілікті тіледй.

Ілмектер: еңбек, ерлік, ептілік

Келісті келбет ерде бар,
Қымбатты қазына жерде бар.

Ілмектер: келбет, еңбек, жер, қазына

Ерінбей еңбек қыл,
Жалықпай өнер қыл.

Ілмектер: еңбек, өнер

Қазарсың арықты,
Көрерсің жарықты.

Ілмектер: еңбек, арық, қазу

Еңбекшіге әр күн сәт,
Еңбексізге бір күн сәт.

Ілмектер: еңбек

Көп істеген,
Құп істейді.

Ілмектер: еңбек

Бір еңбек еткен, екі етеді,
Екі еткен әдет етеді.

Ілмектер: еңбек, әдет

Еңбексіз елге симас.

Ілмектер: еңбек