Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (17) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (296) Ұлағатты сөздер (91)

Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.

Ілмектер: жақсы, жаман, жақсылық

Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Ілмектер: жақсы, ырыс

Жақсының жауы көп.

Ілмектер: жақсы, жау

Жаманға жақсылық қылсаң атыңды ерттеп қой.

Ілмектер: жаман, жақсы, ат

Болар істің біткені жақсы.

Ілмектер: іс, жақсы

Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.

Ілмектер: іс, жақсы, жаман

Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жыл азық.

Ілмектер: жақсы, жаман, әке, бала

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Ілмектер: ата, ұл, жақсы, жаман, ел, мал

Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.

Ілмектер: ұста, жақсы, сөз

Күн ортақ,
Ай ортақ
Жақсы ортақ.

Ілмектер: жақсы

Жаман сайға су түссе, өткел бермес көшуге,
Жаман кісіге мал бітсе сусын бермес ішуге.

Ілмектер: жақсы, жаман, су, дүние