Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"жер" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жаңбыр жауса — жер тоқ,
Ілмектер: жер, егін, бұлақ, еңбек
Егін ексе — ел тоқ.
Бұлақ ақса — көл тоқ.
Еңбек етсе — ер тоқ.
Кезінде жауын жаумаса,
Ілмектер: жер
Керіліп жатқан жер кәріп.
Тең құрбысы болмаса,
Тетелес өскен ер кәріп.
Елге мал көптік қылмайды,
Ілмектер: ел, мал, жер
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.
Жер сәні — егін,
Ілмектер: жер, ер, білім, егіншілік
Ер сәні — білім.
Сусыз жердің шөбі сұйық,
Ілмектер: жер, егіншілік, адам
Суайт адамның сөзі сұйық.
Жақсы жер — жан тынысы.
Ілмектер: жер, өнер, жігіт
Жақсы өнер — жігіт ырысы.
Бабын тапсаң — байлық жерде.
Ілмектер: жер, береке, егіншілік
Береке, салтанат елде.
Жер жарасты көрінер
Ілмектер: жер, ел, еңбек
Өзені мен көлімен,
Ел жарасты көрінер
Еңбегі жанған ерімен.
Ормансыз жер — жалаңаш.
Ілмектер: жер, ер, жалаңаш
Армансыз ер — жалаңаш.
Жермен келген — жермен кетеді.
Ілмектер: жер, жел, егіншілік
Желмен келген — желмен кетеді.
Елім бай болсын десең,
Ілмектер: ер, жер
Жеріңнің бабын тап.
Ерім сай болсын десең,
Еліңнің бабын тап.
Қысың қарлы болса —
Ілмектер: қыс, көктем, жер, егіншілік
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі