Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (23)

Адамды кейде баршылық сынайды,
Кейде жоқшылық сынайды.

Ілмектер: адам, адам туралы, кедейлік, байлық

Бай - байға, сай - сайға.

Ілмектер: бай, кедей, байлық, кедейлік

Жеген - тоқ, ішкен - мәз.

Ілмектер: ас, кедейлік, байлық

Кедей - байға жетсем дейді, бай - құдайға жетсем дейді.

Ілмектер: кедей, бай, кедейлік, байлық

Кедейдің қолы қысқа.

Ілмектер: кедей, кедейлік

Бай - балпаң, жоқ - қалтаң.

Ілмектер: бай, кедей, байлық, кедейлік

Жарлы атанар жігіт - байталын атқа айырбастайды,
Жалғыз қалар жігіт - ағайынын жатқа айырбастайды.

Ілмектер: жарлы, кедейлік, жігіт, ағайын, кедей

Арық атқа - қамшы ауыр,
Жыртық үйге - тамшы ауыр.

Ілмектер: кедей, кедейлік

Жоққа тұз да қат.

Ілмектер: жоқшылық, кедей, Кедейлік, тұз

Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, жастық, байлық, кедейлік, жарлы

Жұлық жалаған жарымайды.

Ілмектер: жарымау, кедейлік

Арғымақ мойнын оқ кесер,
Азамат мойнын жоқ кесер.

Ілмектер: арқымақ, кедейлік, азамат

Жаман жоқтан жоғарылау.

Ілмектер: жаман, жоқтық, кедейлік

Тоқ бала аш баламен ойнамайды,
Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды.

Ілмектер: кедей, кедейлік, бай, байлық

Тар киім – тозғақ.

Ілмектер: киім, кедейлік, байлық

Барлық не дегізбейді,
Жоқтық не жегізбейді.

Ілмектер: барлық, жоқтық, кедейлік, байлық

Барыңда батып іш,
Жоғыңда сатып іш.

Ілмектер: бар, жоқ, кедейлік, байлық