Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (110) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (73) Ұлағатты сөздер (76)

Көз көрмей, көңіл сенбейді.

Ілмектер: көңіл, тәрбие, өнеге

Көңіл кірі айтса кетер,
Көйлек кірі жуса кетер.

Ілмектер: көңіл

Оқып сөйлеме,
Көңіліңе тоқып сөйле!

Ілмектер: көңіл, сөз

Жүрек сүю үшін жаралған,
Көңіл түю үшін жаралған.

Ілмектер: жүрек, көңіл

Көңілсіз басталған іс
Көпке бармайды.

Ілмектер: іс, көңіл

Ер не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді.

Ілмектер: ер, көңіл

Сырқат пен семіру — көңілден.

Ілмектер: көңіл

Көңіл жетсе, бәрі жетер.

Ілмектер: көңіл

Көзі сынық инемен
Көйлек тіге алмайсың.
Көңілі сынық құрбымен,
Ойнап-күле алмайсың.

Ілмектер: көңіл, дос, құрбы

Көзден кетсе, көңілден кетеді.

Ілмектер: көз, көңіл

Көңілім келсе – көлдеймін,
Көңілім келмесе – шөлдеймін.

Ілмектер: көңіл, мінез

Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.

Ілмектер: көз, көңіл

Бұлтты күн ашылар,
Бұлыңғыр көңіл басылар.

Ілмектер: көңіл

Үйі жоқтың көңлінде
Алтын сарай жүреді.

Ілмектер: үй, көңіл, алтын

Көңілі қаран
Жолдасынан айрылады.
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.

Ілмектер: көңіл, жолдас, құрдас

Көз көрмей,
Көңіл сенбес.

Ілмектер: көз, көңіл

Көзі көрместің
Көңілі сезбес.

Ілмектер: көз, көңіл

Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.

Ілмектер: көңіл, өмір, жақсы

Құлақтан кірген суық сөз,
Көңілге барып мұз болар.

Ілмектер: құлақ, сөз, көңіл, мұз

Дос досқа жалынса,
Достың көңілі алынады.

Ілмектер: дос, достық, көңіл